Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың қамау мерзімі тағы он күнге ұзартылды

18.06.2020, 14:10

117

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың қамау мерзімі 28 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы белсендінің туыстары мен сотқа сілтеме жасаған жергілікті БАҚ хабарлады. ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, судья "іс көлеміне байланысты тараптарға уақыт бергенін" айтқан. Ал белсендінің анасы Жанар Жандосова Vlast сайтына «ол жерде небәрі екі-ақ том бар, оқитын түгі жоқ» деген.

Белсендінің қамау мерзімін ұзартуға байланысты сот 17 маусымда онлайн өткен.

6 маусымда полиция наразыларды ұстап жатқан кезде Төлесова жанындағы полицейлердің бірінің фуражкасын қағып түсіргеннен кейін «билік өкіліне күш жұмсау» бабы бойынша күдікке ілінді. Куәгерлердің айтуынша, азаматтық белсенді полиция ұстаған азаматтарға араша түспек болған.

Төлесованың өзі желіде «Полицияның қоғамға еш қауіп төндірмей өз ойын бейбіт жолмен айтуға келген қарусыз жұртқа жасағанын көргенде эмоциямды жасыра алмадым» деп жазған.

Сол күнгі билікке қарсы митинг кезінде полиция жүзден астам адамды ұстаған, кейбір кезде дөрекі күш қолданған.

10 маусымда Алматы қаласының тергеу соты Төлесованы 10 күнге қамады. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Осы апта басында халықаралық Amnesty International (AI) адам құқығын қорғау ұйымы Әсия Төлесованың негізсіз қамауда отырғанын айтып, билікті оны босатуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Amnesty Қазақстан билігін Әсия Төлесованы босатуға шақырды

Өткен аптада Human Rights Watch ұйымы да Төлесованы босатуды, оның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19