Қазақстанда бір күнде мыңға жуық адамнан СOVID-19 табылды, 9 адам қайтыс болды

18.06.2020, 06:24

44

Өткен тәулікте Қазақстанда 991 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде індет белгілері бары – 335, симптомы жоқтары – 656.

Қазақстан билігі 3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп аталды. Билік соңғысын вирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына кіргізбей отыр. Ал коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары биліктің ресми дерегіне сүйеніп, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың санын көрсетерде ауру белгісі жоқ жағдайларды ескермей отыр.

Өткен тәулікте коронавирустан 273 адам жазылып, 9 адам қайтыс болды.

Билік вирус жұқтырғандардың жалпы саны 15 877 деп отыр. Оған ауру симптомы жоқ адамдар кірмеген. «Ауырғандар» мен «тасымалдаушыларды» қоса санағанда вирусты 22 708 адам жұқтырған.

Үш ай ішінде 9902 адам емделіп, 97 адам қайтыс болған.

4 маусым күні Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне кірмеген 37 өлім тіркелгенін айтқан. Қайтыс болған адамдарда вирус болған, бірақ өлім себебі басқа ауру болды деп көрсетілген. Бұл көрсеткіш бойынша жаңа дерек айтылмады.

Қазақстанда соңғы кезде науқастардың күрт көбейіп, ауруханаларда орын тапшы бола бастағаны айтылып жүр. Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқарма жетекшілері 17 маусымда күн сайын ауруханаға жүзден астам науқас түсетінін айтып, «жағдай күрделі» екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы ауруханалардың 90 пайызы бос емес. Алматыда да «жағдай күрделі»

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26