Әуезовтен бата алған студент

18.06.2020, 06:28

68

                      

  Ғылымға біреу ерте, біреу кеш, біреу өзқалауымен, ал енді біреулер өзгенің ықпалымен келіп жатады. Барша жұртқабелгілі фольклортанушы-ғалым Сейіт Қасқабасовтың ғылымға келуі де ерекше. Әбдікеріматасынан қисса-дастан тыңдап өскен жеткіншек 1957 жылы Абай атындағы ҚазПИ-діңфилология факультетіне оқуға түседі.  Фольклордансабақ берген белгілі фольклортанушы ғалым, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филологияғылымының докторы, профессор  НинаСмирнова 1-курс студентінің емтихан кезіндегі жауабына риза болып, оны өзінешәкірт етіп алуды ұйғарады. Міне, осылайша 18 жастағы студент ғылымға ерте бетбұрады. Жетекшісінің бағыт-бағдар беруімен теориялық әдебиеттерді, орыс жәнеотандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін көп оқиды. Ғылыми конференцияларғақатысып, университет қабырғасында жүргенде-ақ алғашқы ғылыми мақаласын жазады. Мұныізденушінің үлкен ғылымға дайындық кезеңі десе болады.

  Үшінші курстың ортасында жетекшісі НинаСергеевна жас ізденушіні Мұхтар Әуезовке ертіп апарып таныстырады. Қазақтыңқиял-ғажайып ертегілерін зерттеу ойы бар екенін айтады. Бұл мәселені өзі арнайызерттеп, еңбек жазған аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, заңғар қаламгер МұхтарОмарханұлы  тақырыптың өте өзекті екенінайтып, жас талапкерге батасын береді. Осылайша жиырмадағы жігіттің ғылымдағыбағыты айқындалып, зерттеу тақырыбы нақтыланады. Оның ертегілер еліне сапаршегіп, қиял-ғажайып әлемге енуі осы кезден басталады. Бұл жөнінде қазіргіәдебиеттану ғылымының көшін бастап келе жатқан үлкен ақсақал, академик Серік Қирабаевтың«Ғұлама» деп аталатын Секең туралы мақаласында: «Сейіттің ғылыми жұмысындағыөмірлік тақырыбы – ертегі әлеміне қызығушылығы институтта жүргенінде басталғанболатын», – деп жазады.

 Айтса айтқандай-ақ, ертегі, жалпы,қазақ фольклоры болашақ ғалымның өмірлік тақырыбы болды. Бұл салаға ғалым бүкілсаналы ғұмырын арнады. Ертегілер елін аралап жүріп ол қазақ мифінің, аңызы менәпсанасының, хикаясы мен хикаятының сырына әбден қанықты. Сөйтіп, Н.Смирновасеніп, М.Омарханұлы оң батасын берген жас фольклортану ғылымына нық қадамбасты. Алған бетінен айнымайтын табанды, ізденімпаз, аса еңбекқор жастыңғылымдағы қадамы қарымды болды. 1964 жылыинститутты үздік бітіріп, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиетжәне өнер институтының аспирантурасына түсті. 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайыпертегілері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1972 жылы монографиятүрінде жарық көрген осы еңбегі  КСРО Ғылымакадемиясының ең таңдаулы кітаптар қатарына енді.Ерте танылған студент енді болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды жас ғалымретінде академиялық ортаның назарына ілікті.

Даналық дарыған ғалым

        Көне замандардан бері халқымызбен бірге жасап кележатқан  мифтерде, ертегі мен аңыздарда, батырлықжырлар мен ғашықтық жырларда өр рухты ұлтымыздың бар қасиеті, пайым-парасатысақталған еді. Фольклортанушы Сейіт Қасқабасов ұлттық әдебиеттің осы бастаукөздері болып саналатын халықтың көне мұраларын зерттеді. Фольклор дегеніміз –халық даналығы.  Осы халық даналығынзерттеген ғалым даналықтың қайнар бұлағынан қанып ішті. Ата-бабаларының тұнықбастауынан сусындаған ғалымның бойына халқының даналығы дарыды. Қасқабасовтыңқанына қазақтың қайсар рухы сіңді, жігерлі жұртының жақсы қасиеттері жұқты. Күннентуған ғұнның, алтын аяқтан ас ішкен сақтың, жарты әлемді жаулаған ер түріктіңасыл мұраларын танып-білген, одан қуат алған ғалымның мықты болмасқа қақысы жоқеді.

    Ғалым фольклор теориясын негіздеп, халықтыңежелгі мұраларын саралаудың шарттарын айқындады және сол шарттарға сүйенеотырып қазақтың халық прозасын саралады, оның жанрларын анықтады. Қазақмифологиясын типологиялық тұрғыдан тұжырымдады. Миф, хикая, аңыз, әпсана,хикаяттың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсас қырларын жіктеп-жіліктеп ашыпберді. Ертегінің ішкі жанрлары мен поэтикасына терең талдау жасады. Ол отандықфольклортанудың негізін қалап, қазақ ауыз әдебиетін Одақ көлеміне, әлемгетанытты, оны жаңа белеске көтерді. Осыншама қыруар жұмысты атқара жүріп өзі деөсті, кемелденді. 1989 жылы Мәскеу мемлекеттікуниверситетінде «Қазақ халық прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлықдиссертация қорғады.Ғалымның еңбегі еленді. Ғалымға 1986 жылы Ш.Уәлиханов атындағы, 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығы беріліп,  2003 жылы ҚРҰҒА академигі атанды. Ірі маманға лауазымды қызметтер сеніп тапсырылды. Ол1992-94 жылдары ҚР жоғары аттестациялық комиссиясының төрағасы, 2001-11 жылдарыМ.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын басқарды. Ғалым өзге декөптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қай саланың басына барыптізгінін ұстаса да, басында тың идеясы толып жүретін жаңашыл ғалым  іргелі істерді қолға алып, бастаған ісінаяғына жеткізіп отырды.

   Академик Сейіт Қасқабасовтың қай еңбегін алып қарасақ та, оның жалпыкөркем мәтінге, соның ішінде фольклорлық шығармаларға кәсіби маман ретіндетерең әдеби-ғылыми талдау жасай білетін нағыз әдебиеттанушы ғалым екенін көругеболады. Ол сондай талдаулары негізінде батыл болжам, тың ой айтып, тереңнентолғай келіп тиянақ-негізі берік тұжырымдар жасайтын өте салиқалы ғалым.Мәселен, ғалымның «Қазақтың халық прозасы» (Астана: «Фолиант», 2014. 132-138 бб.) атты еңбегінде  Шыңғыс ханғаЖошының өлімін  естіртетін әйгілі «Ақсаққұлан» аңызын талдауы мен жасаған тұжырымынан да осыны анық көруге болады.Әдебиеттанушы Жошының қаза болуы сол заманның рухы мен орда мүддесі тұрғысынантүсіндірілген деген тоқтамға келе отырып, бұл мәселеге қатысты танымал мамандардыңдәйектерін келтіреді. Ғалым аңызды одан әрі талдай келіп,  «Жошы ауырып та өлмеген, аңда да мерт болмаған» дегентоқтамын өте дәйекті, нанымды дәлелдер арқылы тұжырымдайды. «Ол дұшпан қолынанқаза тапқан, күшпен өлтірілген, бірақ мұның бәрі құпия күйінде қалып, елгересми түрде шығарылған (официальная версия) аңыз тарап кеткен болу керек.

    Бізге жеткен аңыз да осыны дәлелдейді. Аңыздыңкөбіне сюжетті баяндау емес, өлімді музыкамен естірту формасында болуыкездейсоқ емес. Мұнда оқиға аңыздалмайды, аңыздың басты мақсаты – Жошыныңөлімін суреттеу емес, Шыңғыс ханның қаталдығын көрсету, халықтан шыққан даналардың,өнерпаздардың қадір­қасиетін таныту. Сондықтан Жошының қаза болуы екіншіпланда, ол Шыңғыстың образын бейнелеуге, оның мінез­құлқын ашуға ғана қызмететіп тұр», – деп аңыз сырын аша түседі.

Зерттеуші парсы тіліндегі «Шаджарат аль­атрак» («Түрік шежіресі», XV-XVI ғғ.) мәтін нұсқасын негізге алаотырып,  Жошы өлімін Шыңғыс хан өзінеестіртуден бұрын білген деген тоқтам жасайды. Бұл «аңыздың мазмұнына тереңдейбарласақ» деп фольклоршы-ғалымның өзі айтқандай, терең пайым нәтижесі.

 Бұдан әрі ғалым аңыз сюжетіне тоқталады. «Осыүш бөлшектің біріншісі – негізгі оқиға: Жошының қаза болуы. Бұл тарихқа сәйкес:Жошы әкесінің тірі кезінде өлген. Ал Жошының өлу себебін баяндау – фольклорлыққиял (вымысел), бірақ шындыққа саятын қиял, өйткені ол кезде Шыңғыс та, оныңбалалары да құлан аулауды машық еткен. Алайда осы негізгі оқиға аңызда тікелейайтылмайды. Аңыз басты көңілді екінші және үшінші бөлшектерге аударады. Мұндафольклорлық дәстүр күшіне еніп, оқиғадан гөрі Шыңғыстың қаһарлылығын,қаталдығын көрсетуге күш салынған. Бұл, сөз жоқ, аңыздың көп уақыт бойынакөркем фольклормен қатар, солардың ортасында өмір сүргенінің нәтижесі.Сондықтан да «Ақсақ құлан» аңызында тарихи оқиға көмескіленіп, оның есесіне біршамаәрлей баяндау етек алған».  

   Аңызсюжетінің тамаша талдануынан ғалым ой ұшқырлығы мен терең пайымын, кәсібибілігінің биіктігін көруге болады. Оның аңыз табиғатын терең танитынын,фольклорлық шығарманың уақыт пен кеңістік тұрғысынан қарағанда қалай өзгеріскеұшырағанын тамыршыдай тап басып отырғанын көріп тәнті боласың.

     Осыеңбектің «Ертегінің ішкі жанрлары мен поэтикасы» деген үшінші тарауында 2013жылғы экспедиция барысында жиналған Қытай қазақтарының ертегілері мен эпикалықүлгілерге жасалған талдауларынан да ғалымның парасат-пайымы, кәсіби біліктілігі,нағыз профессионал екені анық аңғарылып тұр. «Жақсылық пен жамандық», «Үш ұры»,«Әділ төрелік», «Үш ауыз сөз»  сияқтығибраттық ертегілер мен «Нанбатыр», «Қасиетті күшік күйеу» қиял-ғажайыпертегілер,  «Сәуегей шал»  сияқты сықақ (сатиралық) ертегілержанрлық-сюжеттік тұрғыдан жіктеп-жіліктеніп өте нақты талданады.

      «Үш ұры» – әйгілі үш өнерпаз туралықиял­ғажайып ертегісінің ғибраттық-тұрмыстық түрге айналған үлгісі» дегентұжырымы оның ертегі табиғатын, оның жанрлары мен түр ерекшеліктерінбүге-шігесіне дейін әбден зерттеген, бұл мәселені өте жақсы ажырата білетінғалым екенін аңғартады. Бұл ертегілердің көне мифологиялық ойлаудың 1­кезеңінемесе  2­кезеңіне тән сипаттарын ашыпкөрсетуінен де оның кәсіби деңгейінің биіктігі анық байқалып тұр. Ғалымныңеңбегін ден қойып оқыған адам ертегілердің сыр-сипатына қанығып, қиял-ғажайыпәлемнің құпияларын түсінуге ынтыға түседі. 

       Ғалым алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегірух-иелердің феодалдық қоғамдағы бірқұдайлық мифологияда албасты, жезтырнақ,үббе сияқты құбыжық кейіпкерлерге айналғанымен, олардың рух-иелік қасиеттерісақталғанын айтады.  Ежелгіата-бабаларымыздың  алғашқы рулықөміріндегі бізге жетпей қалған жаратушы күштері жөніндегі ұғым-түсініктерін, қазақ мифологиясының көне заманғысипатын тарихи-стадиялық жағынан ұқсас мифологияны қарастыру арқылы айқындаумүмкіндігі бар деп санайды. Сөйтіп, ол әлем халықтары мифтерін қазақтың көнеаңыз-әпсаналарымен салыстыра талдайды. Осыдан да ғалымның терең пайымы меной-өрісінің кеңдігі, жалпы, мифология мен өзге халықтар мифтері жөніндегі білімауқымдылығы анық байқалады. Халық даналығы дарыған кең тынысты ғалым қазақ ауызәдебиетінің ғасырлар қойнауларында тұнып жатқан терең сырларын ашты.


Сөзі сара, ойы дараоқымысты

          Қазақ және орыстілдерінде бірдей жазатын академик ғалымның фольклор, мифология, этнография, мәтінтану, өнермәселелерін жан-жақты зерделеген іргелі еңбектері жарық көрді. «Қазақтың халықпрозасы» (1984), «Абай және фольклор» (1995), «Жаназық» (2002), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «Елзерде» (2008), «Ойөріс» (2009) сияқты бірқатар еңбектерінол қазақ тілінде жазды. Ғалымның бұл зерттеулерінде қазақ фольклоры менәдебиетінің, мифологиясы мен өнерінің табиғатын танытып, ерекшеліктерін екшепкөрсететін ғылыми тұжырымдар жасалды.  

        Ол орыс тіліне тәржімелеген «ҚозыКөрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырлары 2003 жылы «Еуразия халықтарының эпосы»сериясымен Мәскеуде жарық көрді. «Казахскаяволшебная сказка»  (1972), «Родники искусства» (1986), «Колыбельискусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992),  «Золотая жила»(2000), «О фольклоре и не только» (2005) сияқтыіргелі зерттеулерін де орыс тілінде жазып, жариялады. Кейінгі жылдары оныңеңбектері Оңтүстік Корея, Қытай мен Түркия елдерінде де жарыққа шықты.

        Ғалымныңжетекшілігімен «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдығы,«Қазақ музыкасының антологиясының» 5 томдығы және «Қазақ өнерінің тарихының» 3томдығы жарияланды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген100 томдық «Бабалар сөзі» ғалым  жетекшілігімен атқарылған  бірегей жоба болды.

          Фольклор, мифология  ұғымдарының аражігін ашып, мағынасынтүсіндіріп, терминдер қолданысын біріздендіру мен жүйелеу де ғалым атқарғанжұмыстардың бірі. Бұл салалық ұғымдар жүйесінің өзара байланысы мен ғылыми атауларғақойылатын талаптарды жақсы білетін  маманныңғана қолынан келетін іс.

        Кейінгі уақытқа дейін «легенда»,«предание» терминдерінің орнына қазақ тілінде бір ғана «аңыз» термині қолданылыпкелді. Фольклоршы-ғалым осылардың аражігін анықтап, «аңызды» – «предание», ал«легенданы» – «әпсана-хикаят» деп қолдануды ұсынды. Миф, аңыз, тарихи аңыз,топонимикалық аңыз, жануарлар жайындағы ертегілер, батырлық ертегілер,новеллалық ертегілер, классикалық ертегілер, этиологиялық ертегілер, мысалертегілер, хикая (быличка), қиял (вымысел), ғажайып қиял (фантастическийвымесел), некелік сынақ (брачное испытание), кәмілеттік сынақ (обрядинициации), бастама (зачин), текерлеме (присказка), аяқтама (концовка), аңыздық проза (несказочная проза),ертегілік проза (сказочная проза), қазақ мифі, халық прозасы, рух-ие(духи-хозяева), рух-иелік мифология (мифология духов-хозяев), «көпқұдайлықмифология»(мифология многобожества), «бірқұдайлықмифология» (мифология единобожия), мифологиялану (мифологирование),мифологиялық алғышарттар (мифологические предпосылки), мифологиялық сана(мифологическое сознание), мифологиялық ойлау (мифологическое мышление), мифтіккейіпкер, (мифический персонаж), жасампаз қаһарман, ілкі-ата (демируг), көркемжинақтау (типизация), романтикалық дәріптеу (идеализация), тұтастану(циклизация), ғұмырнамалық тұтастану (биографическая циклизация), шежірелік тұтастану(генеалогическая циклизация), сюжеттік тұтастану (сюжетная циклизация) сияқтыкөптеген терминдерді еңбектерінде қолданып, ғылыми айналымға түсірген дефольклоршы-ғалым Сейіт Асқарұлы. Бұлардың дені өз қаламынан туындаған авторлықтерминдер.

          Бабалар мұрасын түгендеген 100томдықтың атауын «Бабалар сөзі» деп атаған да, ұзақ жылдар бойы «батырлар жыры»деп қолданып келген атауды «батырлық жырлар» деп өзгерткен де Секең.


         Жалпы, Секең қоғамның, ғылымныңшешімін таппаған мәселелерін көтеріп, соларды күн тәртібіне ашық қоюыменерекшеленетін қайраткер оқымыстыларымыздың бірі. Оның АҚШ, Еуропа ғалымдарысияқты ертегілерімізді жинақтап, сюжеті көрсетілген каталогын шығару,Қазақстанның фольклорлық картасын жасау керек деген ұсыныстары да өзекті.Алысты көздеп, тереңнен толғайтын ғалымның тұла бойы тұнып тұрған білім менжаңа идеялар. Сонымен қатар ол екінің бірі байқай бермейтін құбылыстардыбайқап, ел ескере бермейтін жайттарды аңғарып жүретін аса байқампаз, сезімталшығармашыл тұлға. Бізге Секеңнің сөзі сара, ойы дара болуының сыры тумысынанқанына біткен осы қасиетімен байланысты сияқты көрінеді де тұрады.

Ұстаз ұлағаты

       Академик Сейіт Қасқабасов ғылымикадрларға жетекшілік, кеңесшілік еткен әрі университетте көп жыл дәріс оқығанұстаз. Жастармен бір жүздесуінде ғалым: «Өмірде екі таңдауды дұрыс жасау керек.Біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау. Мамандықты дұрыс таңдасаңдар– өмірдің жартысын жақсы өткізуге негіз қалайсыңдар. Осы екеуін де дұрыстаңдасаңдар – бүкіл өмірлерің жақсы өтеді», – деді. Әркім өзінің өміртәжірибесін, көңілге түйгенін айтады. Өзіне қатысты айтар болсақ, ол осы екітаңдауды да дұрыс жасаған, өмірлік бақытын мамандығынан да, отының басынан датапқан жан. Ағамызды қас-қабағынан ұғатын, жаны қалаған Тамара апайдай тамашажарымен, өзі таңдаған кәсібімен өмірдің үлкен белестеріне көтеріліп, өсіп-өніпотырған мәуелі бәйтеректей ата-әже ұрпақ тәрбиесі туралы қалай айтса дажарасады.

       Секең бір телехабарда: «Біздің ертегілербойынша түсірілген мультфильмдердің сюжеті, кейіпкерлері біркелкі. Олардыңтүсірілуінде қазіргі технология мүмкіндіктері пайдаланылмайды.  Көне мұралардың мәнін ұғып, бүгінгі күнніңталаптарына сай бере алмағандықтан, балалар оларды қызығып қарамайды.Режиссерлар неге ойланбайды?» – деген пікір айтты. Бұл да халықтың ежелгі мұраларынұрпақ тәрбиесіне жаратуға қатысты өте орынды айтылған пікір. «Ұлттық сананыңқалыптаспай отыруына отбасылық тәрбиенің нашарлығы себеп болып отыр. Біздеұлттық отбасы тәрбиесі жоқ десе де болады. Сондықтан педагогиканы түбіріменөзгерту керек. Балаларымыз  «қарыз» бен«парыз» дегенді түсінбейді. Мектептегі алғашқы сабақтарды осыдан бастау қажет.«Қарыз» біреу-ақ – адам Жаратушыға қарыз. Қарыз қайтарылады. Ал парыз көп. Олар:адамдық парыз, азаматтық парыз, әкелік парыз, аналық парыз, перзенттік парыз,діни парыз. Біздің балалар осының бірін білмейді. Оларға бұл оқытылмайды. Мектепте,университетте мұны оқытпаймыз», – дейді академик. Ғалымның осындай кесекойларының артында шешімін табуға тиіс үлкен проблемалар жатыр. Саналы ғұмырынқазақтың фольклорын зерттеуге арнаған ғалым ұлттық сананы қалпына келтіру үшінұрпақ тәрбиесін түзеудің қажет екенін өте орынды айтып отыр. Ата-бабаларымыздыңалғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі мифологиялық санасынан ұлттық санаға дейінгіадам санасының даму динамикасын ой зердесінен өткізген ғалым мұны жайдан-жайайтпағанына мән беріп, нәтиже шығаратын білім төрелері болса, қанеки!? Бұданакадемиялық ғылымның көрнекті өкілі Сейіт Қасқабасовтың ұлт болашағына, ұрпақтәрбиесіне көп көңіл бөлетінін, оған алаңдаулы екенін көреміз.

          Ертегілер еліне сапар шеккен ғалымныңкеруені артынып-тартынып олжалы оралды. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік зерделізерттеуші қиял-ғажайып әлемнің қыр-сырына қанығып, қатпар-қыртысына үңіліп, молрухани байлыққа кенелді. Сапар сәтті, ізденіс жемісті болды. Ертегінің отқасалса жанбайтын, суға салса батпайтын қаһарман кейіпкерлері жерастыпатшалығынан іздегенін тауып, қалағанын алып қайтса, фольклоршы-ғалым СейітҚасқабасов халықтың ауыз әдебиетінің қазыналы сарайынан ұлт руханиятының жаһұтымен жауһарын,  алтыны мен гауһарларынтапты. Сол байлықты, қазақтың баға жетпес құнды мұраларын алдымен халықтыңөзіне табыстады, одан кейін «Біздерде мынадай бар, мынадай бар!» – деп, өзге жұрттарғатаныстырды. 

        Смирнова сенім артқан Сейіт студентқазір қалың қазақтың қадірлісіне, Алаштың аймаңдайлы академигіне айналды. Тұлпардытай кезінде танып, ғылым бәйгесіне баптап қосқан Нина Сергеевна көреген ұстазекен. Оның таңдауы түскен студент Сейіттен қазақтың Қасқабасовы қалыптасты. Сәйгүлігінесенген сейістің үмітін ақтағандай, шәкірті ұстазының сенімінен шықты. Ол ғылымныңқұнан бәйгесінде қара үзіп, дара шапты, аламан бәйгенің алдын бермеді. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» екенін іс жүзінде дәлелдеген шәкірт болды. Үлкенакадемиялық мектептен өткен, ұстаз көрген ғалым өзі де ұстаз деңгейіне көтеріліп,ғылыми мектебін қалыптастырды. Ғалым әдебиеттану саласы бойынша 15 ғылымдокторын, 25 ғылым кандидатын даярлады. Олардың арасында ғалымның АқселеуСейдімбек, Сауытбек Абдрахманов, Кенжехан  Матыжанов, Шәмшәдин Керім, Абат Пангереев,Тоқтар Әлібек, Бақытжан  Уәлиқызы, АқеділТойшан сияқты мақтан етіп, аузынан тастамай айтып жүретін айтулы шәкірттерібар.  Ұстазтәлімін алған ғалым жақсы шәкірттер тәрбиелеп, ұстаздық ете білді.

         ҚРҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығымен ТМД деңгейіндегі «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты, Халықаралықфольклортанушылар қоғамының мүшесі, әлемге танымал фольклортанушыСейіт Қасқабасов қазақтың жадынан өшіргісі келген ауыз әдебиетінің асылмұраларын халқына қайтарып, әлем жұртшылығына таныстырып келе жатқан елардақтысы. Халқының тарихи жадын жаңғыртып, көне мұраларын түгендеуге қызмететіп келе жатқан ғұламаның мерейлі сексен жасы құтты, денсаулығы мықты болуынтілейміз.


Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ,

ҚР ҰҒА-ның корр.мүшесі,

филология ғылымыныңдокторы,

профессор

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35