Ғылым қиянатты кешірмейді

18.06.2020, 12:32

2

Аурумен апат айтып келмейді. «Аспанасты елінен жұмбақ кесел шықты» дегенде, қытайлар«даурықпа дақпырт» деп ақталды. Ақыры жеті құлыптың ар жағында жатқан құпияашылғанда өз өтіріктерін өздері шығарып ақтала кетті. Бірақ енді бәрі кеш.

Алғашқыдадәрігерлер қатерлі індетті қалай тоқтатарын білмей абдырап қалды. Елдің ендігі  үміті ғалымдарда. Десе де, жаhандағы зерделіжандар дауасыз  дертті тежейтін  екпе таппай дал. Дүниежүзінің көшбасшылары да  пұшайман күй кешіп отыр. Жаhанда қазір  дәрі сынау бәсекесі басталды. Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, COVID-19-ға төтеп беретін бірнеше ондағанмың  вакцина жасалып, тек 100-ге жуықжоба клиникалық сынаққа жіберілген. Әлгі іріктелген жұмыстардың қайсыбірі  жұқпалы індетті жеңеді деп, кесіп-пішіп айтуәлі ерте. Ізденушілердің мақсаты бір болғанмен, вирусты тұқыртудың  жолын әрқалай қарастырған.

Қазаныбөлектің – қайғысы бөлек. Ғаламдық індетке қарсы тұруда отандық ғалымдар дақарап жатқан жоқ. Бүгінде ел мен елдің арасын айтпағанда, ағайынның айласуынтежеген  коронавирусты ауыздықтаудағы  қарағандылық ғалымдардың да тың ізденістерінайту ләзім. «Жерің барда жарлымын деме» деген рас. Дәрілік өсімдіктерден емдікшикізат алып, дайын өнім жасаумен айналысатын «Фитохимия» ғылыми-өндірістік холдингі құба даладағы байлығымызды тағы  зерделеп шыққан. Соның нәтижесінде, табиғиқосындылар негізінде вирусқа қарсы бірегей препаратты ойлап тапты.

Ғалымдарқазақ даласындағы 500-ден астам табиғи өсімдіктерден биологиялық белсендізаттар алып, одан 3000-ға жуық қоспалар жасаған. Қорыта келгенде, соның 30-ының  індетке қарсы күресуге  қауқарлығы анықталған. Жаңа дәріні жасаубарысында халқымыздың ежелгі емдеу тәсілдері ескерілген. Вирусқа қарсы дәрініәзірлеуге   Орталық Қазақстанда өсетінжусанның субстанциялары мен оңтүстік өңірде жерсінген  жапырақсыз бұйырғын  өсімдігінен анабазин  алкаголиды бөлініп алынды. Мамандар дәрілік шикізатты тышқандардың ағзасынасалып  сынама жүргізген. Осылайшапрепараттың вирусқа қарсы көрсеткіші оң нәтиже көрсетті. Енді клиникалықсынақтар сәтті өтсе, коронавирусқа қауқарлығы сыналады.

СерғазыӘДЕКЕНОВ, «Фитохимия» ғылыми-өндірістік холдингінің директоры, академик:

– Ғалымдаркоронавирус өкпенің альвеолярлы клеткаларын зақымдайтынын анықтады. Біз де осымәселені басты назарға алдық. Оңтүстік өңірде өсетін жапырақсыз бұйырғынныңқұрамында вирусқа қарсы белсенділік бар. Ол жұқпаның альвеолярлы клеткаларғаөтуіне бөгесін жасайды. Осының негізінде біз жаңа бірегей қазақстандық дәрініаламыз.

Осылайшавирусқа қарсы отандық төл субстанцияның негізі жасалды. Дәру дәрініңбірегейлігі осында. Холдинг ертеден Ресей мен Белоруссияның ғылымиөндірістерімен әріптестік байланыс орнықтырған. Бұл жолы да алғашқы сынамаларыныңтиімділігін  Новосибирскідегі  Цитология және генетика, Санкт-ПетербургтегіВирусология институтының, сондай-ақ Белоруссиядағы Физиология институтыныңзертханаларына жіберіп тексерген. Себебі өзіміздегі  өнеркәсіпте  пилоттық зертхана өндірісі жоқ. Сондықтанолар көрші мемлекеттердің ғылыми  зертханаларына байланып отыр.

Әлбетте,кісідегінің кілті аспанда. Елімізде талантты ғалымдар бар. Бірақ аталған салағаминистрліктің жіті көңіл бөлмеуінен дарындардың жағдайы жадағай тартып тұр.Айтылған ұсыныс сөзбұйдаға салынып, қаржы бөлерде шөміштен қағылып  қалады. Бұл проблемалар отандық ғалымдардың қиялын тежеу үстінде. Холдингтегіғалымдардың айтуынша, елімізде қазір 112 фармацевтикалық өндіруші мекеме бар. Алайдаосы саладағы бірде-бір отандық кәсіпорын отандық субстанцияларын өндірмейді. Түптепкелгенде, бұл  өзіміздің ақыл-ойиелерінің еңбегін еш, тұзын сор етуде.

Қазір холдинг  алғашқы дәрілерді шығаруда. Одан әрі денсаулықсақтау министрлігінде зерделеніп мақұлданса, клиникалық сынақтан өтеді. Қауіптііндетке қарсы күші қошталса, бұл дәрі түйіршік және капсула түрінде шығарылады.Сырттан сұраныс түссе, өнім көрші Ресей мен Белоруссияда қосымша өндіріледі. Қарағандылықғалымдардың табысына Қытай мемлекеті де қызығушылық танытуда. Кеншілер өлкесінеаспанасты елінен арнайы делегация келіп, жаңа өнертабысты көзбен көріп, көңілгетоқып кеткен. Әлбетте, халық денсаулығы жолында бағышталған қаржының сауабымол, қайтарымы зор. Осыны жіті түсінетін Қытай жағы  инвестиция құюға аянып қалмайтындарын айтып сендірген.Қашанда қаржының қажетсіз кезі болмаған. Ғылыми ұжым тың бастаманы 2020-22жылдарға «Бірегей дәрілік препараттардың өндірісін дамытуға арналған жаңатехнологиялар» ғылыми-техникалық бағдарламасына бөлінген қаражат арқылы іскеасырған.

Қарағанды«Фитохимия» ғылыми-өндірістік холдингінің тәжірибелік-өнеркәсіптік қожалығындажәне табиғи флора алқабында дәрілік өсімдіктердің 30-дан астам түрі өсіріледі. Осыныңнегізінде ғалымдар жаңа бірегей 72 дәрілік препаратты жасап, өндіріске енгізді.Олардың ішінде  қатерлі ісікке қарсықолданылатын «Арглабин» препараты, «Салсокаллин» гепатопротекторы, ішек құртынақарсы «Саусалин», тағы басқа 10-ға жуық дәрілер АҚШ, Ұлыбритания, Германия,Қытай, Жапония, Нидерландия, Швецария, тағы басқа ірілі-ұсақ мемлекеттердепатенттелген. Мұның сыртында холдинг 130-дан астам өнімге отандық патент алған.Осылардың қатарына коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қосылып жатса, бұләлемдік жаңалық болар еді. Бұл тұрғыда үкімет тарапынан ғалымдарға нақты қолдауқажет.


Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

 Қарағанды қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04