Топтасқан төбелес жасөспірімді ажал құштырды

18.06.2020, 06:35

53

Таразда жасөспірімдердің топ-топ болып төбелесуі тиылмайтұр. Қайбір жылы елбасы Н.Назарбаевпен тікелей көрсетілімде тараздық ананыңөңірдегі мектеп жасындағы бетімен кеткен жеткіншектердің жайын айтып көмексұрап жыларман болғаны ел есінде. Сол жағдай әсер етті ме, әйтеуір, артыншаЖамбыл облысының сол кездегі әкімі Б.Жексенбиннен бастап бірнеше шендіқызметтерінен босап, жағдай біршама реттелгендей болып еді. Бірақ, күні кешеЖамбылда жасөспірімдер қылмысы бойынша жағдай ушығып тұрғаны жалпақ жұртқажария болды. «Ауруын жасырғанды, өлім әшкерелейді» демекші, Тараз қаласы,«Береке» алқабында  жиырма жасөспірімтөбелесіп, 15 жасар Оралбек Кедебаев қыршынынан қиылды. Көздері қарауытқанкөрші ауылдың балалары марқұмның денесіне 11 жерінен пышақ сұққан екен. Соныңбірі жүрегі мен өкпесін зақымдап, дәрігерлер көп қан жоғалтқан сегізінші сыныпоқушысының өмірін сақтап қала алмаған.

Марқұмның әкесі Бейсенбай Құтышев бауыр еті баласының болашақтаспортшы болуды армандайтынын айтады.

-  Таразға 2005-шіжылы Өзбекстаннан көшіп келдік. Сол кезде дүниеге келген ұлымызға Оралбек депат қойған едік. Оралбегім алғыр, зерек, намысқой жігіт болып өсіп келе жатыреді. Тараздағы спорт мектебінде ережесіз жекпе-жекке қатысатын. Мектебіндемұғалімдері ылғи мақтап отыратын. Сол күні көршінің өзі құралпы баласытелефонына хабарласып, шешесіне айтып үйден шығып кетіпті. Содан кейінгі жағдайұлымның өлімімен аяқталып отыр ғой.

Естуімше, көрші бала алқап басында «Казарма» алқабыныңқызын ренжіткен көрінеді. Ол ағасына айтқан. Сөйтіп, түн қатып олар 16 балаболып біздің ауылға келіпті. Менің балам спортпен шұғылданатын болғаннан кейінкөрші бала көмек сұраған. Ақыры Оралбегіме бәрі жабылып, 11 жерден пышақ ұрып,өлтіріп отыр. Бұлар төртеу ғана болған. Қасындағы үшеуі жеңіл жараланған.

Қазір төбелеске қатысқандардың бәрінен түсініктемеалынды, 2 бала қамауда деп отыр. Мен мұнымен келіспеймін. Арасында Нұрдәулетдеген бала болған екен, ағасы құқық қорғау саласында істейтін. Сол баланы түнқатып Жаңатасқа апарып тастапты. Ол баладан түсініктеме алмаған. Өздері қашырыпжіберіп отыр ғой. Ал қамауға алынған екі бала да әкелерінен айырылған,іздеу-сұраулары жоқ балалар. Болған жағдайды соларға жаба салып, нағыз кінәлілертайраңдап бостандықта жүре ме деп күдіктенемін. Егер, кінәлілер толықжазаланса, біздің де қан жұтқан қайғымыз сәл де болса жеңілдей түсер ме еді…Әй қайдам, кешірім сұрап келіп жатқан бірі жоқ,- дейді марқұмның әкесі.


ЗейнолладинБазарбаев,

төбелескеқатысушы:

Бізмектептің стадионына футбол ойнауға барғанбыз. Сол жақта Нути деген балахабарласып, 3-4 бала келе жатырмыз «әңгіме бар» деді. Біз оларды күттік. Оларканалдың жанында тұрғандарын айтты. Анау тұрған каналдың жанына жетебергенімізде олар боқтап, намысқа тиетін сөздер айтты. Біз жауап қайтардық.Сөйтсек, арғы жағында топ бала тығылып тұр екен. Солардың біреуі таспенмұрнымнан ұрып, талып қалыппын. Сол сәтте Оралбекті де пышақтаған ғой. 

Міне, Жамбылдағы жасөспірімдердің топ-топ болыптөбелескенінің ақыры өрімдей жігіттің өмірмен қош айтысуымен аяқталып отыр. Қапыдақыршынынан қиылған Оралбек үйдегі алты ұл-қыздың төртіншісі екен. ОсылайшаБейсенбай Құтышев ата жұртқа оралғанда көрген ұлы Оралбегінен 15 жасындаайрылып қалғанына қайғыдан қан жұтып қапаланып отырса, жазықтылар жазаданқұтылып кете ме деп тағы қауіптенеді. Олай күдіктенуіне себеп те жоқ емессияқты...

Нұрболат ӘЛДИБЕК,

Жамбыл облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42