Семейде бес адам қайтыс болды

18.06.2020, 06:44

42

  Семейде соңғы аптада коронавирусинфекциясын жұқтырғандар санының артуы облыс әкімі Даниал Ахметовтің де түн ұйқысынтөрт бөлді. Жергілікті атқарушы билік сақтық шараларына шақырып, жұрт арасында үгіт-насихаттытынбай жүргізіп жатқанымен, шығып жатқан нәтиже шамалы. Қоғамдық көліктерде де,көшеде де басты талап – маска киіп жүрудің өзіне салғырт қарайтындардың қарасыкөп.  Сол себептен де облыс басшысыжергілікті атқарушы билік – Семей әкімдігінің бұл бағыттағы жұмысына көңілітолмайтынын білдірді.

–Ең қиын жағдай Семей қаласында. Мұнда тұрғындардың вирусты жаппай жұқтыру деңгейікүн санап көбеюде. Осыған дейін атап өткенімдей, бұған себеп, ең бірінші,жауапты органдардың өз ісіне салғырт қарауы, бақылаудың жоқтығы, сондай-ақ тұрғындардыңтәртіпті сақтамауы. Қарапайым ережелердің өзін өрескел бұзып отыр, – деді өңірбасшысы Даниал Кенжетайұлы кәсіпкерлерменөткізген онлайн-кездесуінде.

Бірақ тап осы тұста, айына қалаға үш-төрт рет келіп кететін Ахметовтіңосыны енді ғана естігендей кейіп танытқаны еріксіз езу тартқызады. Өзіне салсақ,бірер күн бұрын 66 жасқа толған оның ойға-қырға шапқылай бермей, тәртіпке бағынса,облыс орталығынан ұзамауы тиіс болатын. Қажет болған жағдайда орынбасарларынжіберіп, Абай тойына қатысты шараларды  бейнеқоңыраумен-ақкөріп отыруына болатын еді. Алайда өзінен өзгеге сенбейтін қалпымен Семейге жиіқатынап жүріп, жергілікті әкімдікті кінәлап шыға келгені оның бұған дейінгісапарларында вирустан сақтану жайынан бейхабар болғанын көрсеткендей.  

Хош, сонымен, Семейдегі ахуалға оралайық. Семей көлікколледжінің директоры, қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, «Әлем барысы»атанған әйгілі палуан Айбек Нұғымаровтың да осы індетті жұқтырғанын айтып, арнайымәлімдеме жасағаны белгілі. Яғни кесел адам таңдамайды. Сонымен қатар электротехникалықколледж директоры Азат Сарпековтің де коронавирустың қақпанына түскені мәлім болды.

  «Әлем барысы» ауруханаға жатқызылғанын жасырмастан,бір аптадан кейін видеомәлімдеме жолдағаны қала тұрғындары арасында тез тарады. 

«Басында іштей біз де сенбей жүретінбіз.Өтірік сияқты көрініп… «Саясат па?» дегендей болатынбыз. Ақша беріп жатқызып жатырдегендер де бар. Оның бәрі өтірік. Енді, міне, қаламыздағы инфекциялық ауруханадажатырмын. Бұл індет бізді де айналып өтпеді. Қазіргі кезде кімнен, қалай жұққанынбіле алмай отырмын. Бірақ та осы сақтану шараларын қолданбағанның кесірінен болды»,– деп, шарасыздығын мойындаған Айбек палуан «әлдебір адамдарға жолыққан» жағдайларболғанын айтып мұңын шақты.

   Басқа – басқа, дүниежүзіне аты мәлім жерлесіміздіңкоронавирус індетіне шалдыққаны, арнайы мәлімдеме жасауға мәжбүр болғаны да жұрттыңсақтыққа салғырт қарауына тосқауыл бола алмады.  Карантиндік режимнің алынып тасталуы қазір қалахалқының бетімен кетуіне жол ашқанын ешкім жоққа шығара алмасы анық. Шығыс Қазақстаноблысы бойынша індет жұқтырғандардың 70 пайызын семейліктер «еншілегені» мақтанышетер жайт емес, әрине.Осыған орай, қалалық жедел штаб мүшесі, медициналық мәселелержөніндегі үйлестіруші Найля Әлменева қала тұрғындарына әлеуметтік желі арқылы өзініңбейнеүндеуін жолдағанда үрейлі деректерді ортаға салды.

Осыдан бірер күн бұрынғы мәлімдемесінде Н.Әлменева облыста тіркелген коронавирустың18 жаңа жағдайының 9-ы Семейде  анықталғанын хабарлаған еді. Оның 8-іересек, біреуі төрт жасар бала екені айтылған. Тіпті олардың ішінде екі полицияқызметкері, екі медбике, үш жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері,біреуі жұмыссыз екенін де жасырмаған. «Аталған тоғыз жағдай бойынша 16 инфекцияошағы белгіленіп, қарым-қатынаста болған 100-ге жуық тұрғын анықталды», – дегенболатын жедел штаб мүшесі Н.Әлменева. Оның айтуынша, вирусты жұқтырғандардың жартысы қоғамдық көлікті тұрақты пайдаланып, жиі сауда базарлары менсупермаркеттерге барып жүрген.

 Қала кәсіпорындарында жаппай індет жұқтыру жағдайларының тіркелгеніде ахуалдың мәз емесін аңғартады. Мысалы, Семей қаласының тері-венерологиялықдиспансерінде 37 жағдай, «Қазполиграф» ЖШС қызметкерлері арасында  27 жағдай,сондай-ақ қарым-қатынас байланысында болған 15 жағдай тіркелген.

Алкүні кеше Семей қалалық әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндеқалалық жедел штаб мүшесі Н.Әлменева соңғы мәліметтербарысынан хабардар еткенде бес адамның коронавирустан қайтыс болғанын жарияетті. «16 маусым күнгі мәліметке орай, Семей қаласындакоронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны – 176 адам. Бүгінгі күнгеекі жаңа жағдай тіркелді. Олар «Восточный» кентінде тұратын бір үйдің бес және15 жастағы балалары. Олар бұрын ауырғаннауқаспен байланыста болғандар.
Бұл аумақтан жалпы 24 инфекция жұқтыру дерегітіркелген.Ең көп тіркелген аумақ – Цементшілеркенті: 30 жағдай. Жаңа құрылыс аумағында – 22, Орталық базарда – 17, қалаорталығында – 16, теміржол вокзалы мен Затон елді мекенінде 15 және 11 жағдайдантіркелген», – делінген жедел штаб мүшесінің хабарламасында.
 Қазіргі күндежұқпалыстационарда 48 науқас емделуде, үшеуі ауыр халде, екі науқастың жағдайы жақсарды. Өкінішке қарай, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түнде 62жастағы  азаматтың келмеске аттанып кетебарғаны белгілі болды. Бұл Семейде коронавирустан бесінші адамның қайтыс болғанынкөрсетеді.

Жалпы,облыс бойынша 151 инфекция ошағы бақылауға алынған, 1500-ден аса адам оқшауланған.Оның 26-сы карантиндік стационарға жатқызылып, 1486-сы үй карантиніне жіберілген.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04