18.06.2020, 06:48
62
«Жас Алаштың» өткен нөмірінде біз сутасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға елдегі бүкіл бизнесменнің көмектесіпжатқанын, алайда қол ұшын созғандардың қатарында Мақтааралдың түлегі,Қазақстанның ең дәулетті азаматы Владимир Кимнің аты-жөні аталмағанын жазғанедік. Кеше «Жас Алаштың» тілшісіне В.Ким басшылық ететін және ірі акционеріболып табылатын KAZ Minerals тобыныңмамандары хабарласып, аталған компанияның мақтааралдықтарға арнап қаражатбөлгенін мәлім етті.
«KAZ Minerals тобы Түркістан облысы Мақтааралауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 1 миллиардтеңге бөлді. Мамыр айының басындағы тасқын судың кесірінен аталған өңірде 1000-нанастам үй және шаруашылық құрылыстар бүлінген. Атаулы көмек көрсету аясындақаражат тұрғын үйлердіқалпына келтіруге және шығындарды өтеуге жұмсалады. Оның мөлшерін облысәкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайтын болады. Бұған дейін KAZ Minerals тобыBirgemiz қоғамдық қорына Қазақстанда коронавирустық инфекцияның салдарынжеңілдету үшін аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 2,2 миллиардтеңге аударған. Былтыр компания Түркістан облысының тұрғындарына көмектесіп,Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіруге және Ертіс жағалауындағы балаларлагерьлерінде демалған Арыс қаласының балаларын Шымкенттен Павлодарға және керібағытта жеткізген чартерлік рейстің ақысын төлеуге 200 миллион теңгеден астамқаражат аударған», – делінген компания мамандарының бізге берген ресмиақпаратында.
– KAZ Minerals тобының акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларындаайналымда жүреді. Осы компанияның құнды қағаздарын сатып алу арқылы кез келгенадам бізге инвестор бола алады. Ол инвестордың компаниядағы қаржының қайдажұмсалып жатқанын бақылауға құқығы бар. Сондықтан әлеуметтік көмекке бөлінгенәрбір тиын инвесторлардың келісімімен жұмсалады. Компаниядағы қаржыға жауаптымамандардың маған берген мәліметі бойынша, 1 миллиард теңге Түркістаноблысындағы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорынажолданған. Бұл қаражат қордың есепшотына ендітүсуі мүмкін, – деді бізге хабарласқан KAZ Minerals тобының корпоративтікбайланыстар жөніндегі менеджері Ермек Дюзкенев.
Айта кетері, Forbes журналының тұжырымы бойынша Владимир Кимнің байлығы 2019 жылы 4,5 миллиард доллардықұрап, ол Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің көшін бастаған болатын.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР