Бітпейтін дау: қарияны ашындырған мәселеге енді кім төрелік айтады?

18.06.2020, 12:52

3

«Жас Алаштың» Түркістаноблысындағы қосынына Қазығұрт ауданының тұрғыны, жасы 84-ке келген ақсақал ОмарханОспанов  келіп, прокуратура, басқа дақұзырлы органдардың табалдырығын тоздырғанымен, әділдік таба алмағанына шағымданды.Бірнеше сот отырысы да өткен. Одан да қайран болмаған.

Ақсақалдың айтуынша, Қазығұрт елді мекенінен 2003 жылы сатып алған жеріне бірқабаттысауда нысанын салыпты. Құрылысқа қажетті барлық құжаттар мүгедек ұлы ТәлімжанОмарханұлының атына рәсімделген.

– 2016 жылы ғимаратқа жақын жатқан жер, соның ішінде аяқжол опырылды.Осыдан кейін менің нысанымның іргетасы шөгіп, қабырғалары бірнеше жерінен жарылды. Қазір ғимараттың есіктеріжабылмайды, жарықтары күн санап ұлғаюда. Мұның себебі – ауданды ауызсуменқамтамасыз ететін «Таза су» коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерініңсалғырттығынан жер астындағы шіріген құбырдан төрт жылдан астам уақыт бойы сукетіп жатқан. Сараптама қорытындысы бойынша маған келтірілген шығын көлемі 1миллион теңгеден асты. Мен сотқа жүгіндім, алайда талап арызым қанағаттандырусызқалдырылды. Сотта сараптама қорытындысын ұсындым. Бірақ олар назарға алынғаныбылай тұрсын, қасақана жоққа шығарылды. Аудандағы жауапты мамандар «ғимараттыңқұжаттары тіркеуден өтпеген» деп, әдейі жалған куәлік етті. Аудандық әкімдіктіңқызметкерлері «құрылыс заң талаптарын бұза отырып жүргізілген» деген негізсізжауаптарды айтты.

    2018 жылы адвокат жалдап, ауданәкімдігі мен «Таза судан» 8 293 304 теңге шығынды өндіру жөніндесотқа талап арыз бердім.  Осы жолғы соттажеңіп тұр едік. Бірақ сенім білдірген адвокатым біздің заңды толық білмеуіміздіпайдаланып, баламды алдап, «сен жеңдің, осы қағазға қол қой» деп, бейбітбітімге қол қойдырып алады. Бірақ ол бітімде бүлінген ғимарат бастырма ретіндеқарастырылған. Осы келісімнен кейін жауапкер жақ бар-жоғы 400 мың теңгеніңжұмысын бітірді.  Бір күні олар меніңбаламды «судың келісімшартын ұзарту қажет» деген сылтаумен мекемеге шақырып,әлдебір қағаздарға қол қойдырады. Кейіннен білсек, қол қойылған келісімшарттардыңарасында ғимаратты қабылдау актісі де бар болып шықты.  Бейбіт бітімнің күшін жою үшін жазған арыз-шағымдарымыздыңбәрі нәтижесіз. Ешкімнің тыңдағысы да, қарағысы да келмейді, – деді ақсақал.

Алайда Қазығұрт ауданындағы «Таза су» кәсіпорнының басшысы  Сейітқали Сапаралиев:

   – Біздің атымызға айтылып жатқанарыз-шағымдардың бәрі жала, – дейді. Ол тіпті ғимараттың шөгуіне жер астындашіріген құбырдың ешқандай қатысы жоқ екенін айтып отыр.

– Ғимарат тұрған жерде жаңбыр суы ағып кететін арық болмаған. Оның үстінесуды ұрлап әкеп қосқан. Біздің тарапымыздан ешқандай кінә жоқ. Бірақ ақсақалалғашқы сараптама қорытындысы бойынша шығынды 1 миллион 100 мың теңгегебағалатты. Сөйтіп, сотқа берді. Бірақ талап арызы қанағаттандырусыз қалды. Арағабір жарым жыл салып тағы сотқа арызданды. Тағы жеңілді. Осы сотта ақсақалдыңадвокаты бейбіт келісімге келуді ұсынды. «Соттаса бергеннен не ұтамыз, қариянысандалта бермей, жарылған ғимаратын қайта салып беріңдер» деді. Осы уәжгетоқтап, келісімге келдік. Құрылыс жұмыстарын бастадық. Қабырғалары жарылғанғимарат, ақсақал айтқандай, сауда нысаны немесе дүкен емес. Ол кәдімгі бастырмаеді. Оның бәрін қалпына келтірдік. Алайда О.Оспанов бұдан бөлек, қосымшағимарат салып беруімізді талап етті. Екі арада келіспеушілік туындады. Осыданкейін құрылысты тоқтатып қойдық. Ақсақал қайтадан сотқа берді. Сарапшылардыалып келіп, ғимаратты  8,5 миллион теңгегебағалатты.  Сот үш айға созылды. Облыстықсотқа дейін бардық. Бұл жолы да өзіміздің әрекетіміздің дұрыс екенін дәлелдепшықтық. Алайда ақсақал арыздануын әлі қойған жоқ. Осы кәсіпорынға басшыболғаныма төрт жыл болса, соның үш жылы соттасумен өтті. Бұл дау-дамай әзіргебітпейтін сияқты, – деген басшы арыз-шағымды ақсақал мен аудан әкімдігіқызметкерлері арасындағы әлдебір келіспеушілікпен де байланыстырды. Қарияауданның құрметті азаматы атағын ала алмай жүргеніне ренжулі көрінеді.

    Екі тараптың айтқан уәждеріосындай. Ал осы іске төрелік еткен соттардың ақсақалдың талап арыздарын қанағаттандырусызқалдырғанын жоғарыда айттық. О.Оспанов арызды апелляциялық алқада қарағансудьяның қазір парамен ұсталып, істі болып жатқанын да алға тартты. Әрине, судьяныңпарамен ұсталуының ақсақалдың арыз-шағымына ешқандай қатысы жоқ. Ал қарияныңталай мекеменің табалдырығын тоздырып, соттасып әділдік таппай жүргені аудандағыжауапты басшыларды ойландырмай ма, әлде олар «біздің бұған қатысымыз жоқ» депқарап отыра бере ме?

Мұны енді уақыттың еншісіне қалдырдық.

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ, 

Түркістаноблысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27