Жұмыс жүйелі емес

18.06.2020, 13:01

4

  Сыр өңірінде ауылшаруашылығы мен индустрия-инновация саласындағы жұмыстар мардымсыз. Мәселен, Қызылорданыңкүріштен кейінгі брендіне айналады деп сендірген шыны зауытының сол жағалаудағы жаңа  құрылысы қаланың ауыз толтырып айтатындайжаңалығы еді. Өкінішке қарай, бұл төңіректе жылы сөз ести алмай тұрмыз.Айталық, құрылысы 10 жыл бұрын басталған «сақалды зауыт» әлі күнге пайдалануғаберілген  жоқ. Үлкен шаруаны  бірінші болып қолға алған компания жұмысістеуден бас тартты. Одан соң, нысанды екінші компания қабылдап алды. Бүгіндеқұрылыс жұмыстары баяу жүруде. Шыны зауыты, бұдан кейін театр, Неке сарайынсаламыз деген бастаманың барлығы аяқсыз қалды.

 Қызылордаоблысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-22 жылдарға арналған кешендіжоспары дайындалған болатын. Сондай-ақ аймақтағы төрт су шаруашылығы  жобасын іске асыру көзделген еді. Алайда Қараөзек, Күміскеткен, Қызылорда су торабы, Көкарал бөгетін сақтау және Сырдарияөзенінің сағасын қалпына келтіру, суқоймаларды салуда да салғырттық бар. Суқоймаларжыл сайын 2 млрд шаршы метрден астам су жинап, сақтауға мүмкіндік береді.Дегенмен «Әйтек» су торабын жөндеу де өзекті болып тұр. Су торабына құлау қаупітөніп тұр. Бұл жерлерге қосымша бекіту жұмыстары жүргізілді.

  Түпкілікті жөндеужәне қалпына келтіру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына су ресурстарыкомитетінен 48 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын жеделдету шараларықабылданған еді. Бұрынғы әкім Қ.Досмайылұлы 2020 жылы әкім ретінде шаруанытындыруға уәде де берген. Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізініңсолтүстік бөлігін сақтау жобасының екінші кезеңнің үш компоненті Қызылорда суторабын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар ағымдағы жылы басталу керек еді. Әйтседе облыс әкімі болғанына аз уақыт болса да, Г.Наушақызы келешегі зор  жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Дегенментүйіні шешілмеген мәселе көп.

     Бүгінде жұмысістеп тұрған Қызылорда гидротехникалық су торабы өткен ғасырдың 50-жылдары салынғанжәне қазір апатты жағдайда тұрғаны айтылуда. Су торабы бұзылған жағдайда шамамен  400 мыңнан астам халық қоныстанған үш ауданмен Қызылорда қаласы аумағындағы 250 мың гектар шабындық пен жайылым су астындақалады.  110 мың гектар суармалы жердісумен жабдықтау жүйесі қоса бұзылады. Қызылорда облысында 38 елді мекенді  су басу қаупі бар. Осыған байланысты Қызылордасу торабына қайта жөндеу  жұмыстарынжүргізу қажет.

   1964жылы салынған Қызылорда жылу электр орталығының да жабдықтары әбден тозған. Олоблыс орталығының  700-ге жуық көпқабаттытұрғын үйлері  жылусыз қалуына  себепші болуы мүмкін. Облыс әкімі ГүлшараӘбдіқалықова алдағы уақытта осы жұмыстарды жүргізуді тездетуге назар аударыпотыр. Аймақ басшысының көңілі толмайтын шаруалар жеткілікті. Себебі жұмыстыңбәрі жүйесіз. Бірнеше жыл бұрын ашылған өндірістік кәсіпорындардың кейбіреуіндеқара құлып тұр. 2018-19 жылдары салынуы керек Неке сарайы да кейінге қалған. Десекте, үкімет жақтан Қызылорданың бұрынғыдай қарқыны жоқтың қасында екені жиіайтылуда.


Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39