Өзенде су неге жоқ?

18.06.2020, 13:14

3

   Есік көлінің мәселесі үкіметтікдеңгейде қарауды талап етеді

Еліміздің экологтары Алматыоблысындағы Есік көлінің қазіргі ахуалына қатты алаңдап отыр. Экологтардыңмәлімдеуінше, аталмыш көл жыл өткен сайын суалып, таязданып барады. Саламамандары «алдағы уақытта көлдің мәселесі тіптен ушыға ма» деп дабыл қағуда.

Сондай-ақ мамандардан бөлек, осыкөлдің суын тіршілік қажетіне жаратып отырған Есік қаласы тұрғындарының дауайымы қалыңдаған. Мысалы, қала тұрғыны Алмагүл Ермекованың айтуынша, тұрғындарсу тапшылығының бейнетін бірнеше жылдан бері тартып келеді. Әсіресе биыл қалахалқы «судың да сұрауы бар екенін» қатты сезініпті.  

– Шынымен де су тапшылығы қатты байқалып отыр. Қала ішіндегі үлкенарықтардың барлығы судан құрғап тұр. Жылда осы кезде үлкен арықтардан су ағыпжататын. Қазір оны көрмейміз. Есік маңындағы бау-бақша өсіретін халыққа тіптенқиын. Олар өсірген көкөністері мен жемістерін суаратын су таппай отыр. Бізтіпті көлдің өзіне барып, су деңгейінің едәуір төмендегеніне көз жеткіздік. Сұлулығыда суалып, ернеуі таязданып кеткен, – дейді қала тұрғыны Алмагүл Ермекова.

Тұрғындар осылай деп пікірбілдірген соң, мәселенің жай-жапсарын білетін эколог-маман, «Табиғат»экологиялық одағы төрағасының орынбасары Тимур Елеусізовке хабарластық. Маманның айтуынша,  Есік көлінің бұлай таяздануына  көлге жақын орналасқан су электр стансалары тікелейкінәлі.

– Соңғы екі айда елде төтеншежағдай орын алған кезде көлге ешкім келе қоймады. Міне, осы сәтті пайдаланып суэлекр стансалары көлге құятын ағын суларды өздеріне қарай бұрып алып отырған. Өндіретінэлектр энергиясының көлемін ұлғайту үшін су электр стансаларының трубиналарындасу мол болуы керек. Сонда олар электр энергиясын жылдам әрі тез бөледі. Осығанбайланысты Есік көлінің маңында орналасқан төрт су электр стансасы өзенарналарын бұрып алған. Соның кесірінен көлге су келмейді, таязданып кетеді.Бақылауға алынбаса, мұның арты табиғат апатына алып келеді, – дейді эколог-маманТимур Елеусізов.

Экологтың пайымдауынша, бұл ­тікелейкөлді суалтып жіберетін әрекет. Бұл мәселеге байланысты «Қазселденқорғау»мемлекеттік мекемесіне шағымданғандар да болыпты. «Ұлттық парк мамандары «Қазселденқорғау»  мемлекеттік мекемесіне шағымданып, хатжазғанын білеміз. Бұдан соң мекеме мамандары келіп тексергеннен   кейін көл маңындағы стансалар суды бұрыпалуын тоқтата бастаған», – дейді эколог Тимур Елеусізов.

 Алайда бұл мәселеге қатысты БАҚөкілдеріне пікір білдірген су электр стансасы өкілдерінің де айтар өзіндік уәжібар екен. Олардың сөзінше, осы аймақта іркес-тіркес төрт су электр стансасыбар. Бірақ ешқайсысы көлге зиянын тигізбеген. Бұған қатысты ЕсіктегіСЭС-3 стансасының директоры Кенжемұрат Дүкенбаев БАҚ өкілдеріне бергенсұхбатында: «ГЭС-тің бәрі төменде тұр. Оларсуды ішпейді, пайдаланбайды. Жылда төмендейтін себебі – екеу. Біреуі – қыстамұз ерімей, ағын азаяды. Екінші себебі – таста тұрған көл ғой, осыныңтесіктері бар. Тіпті екі жыл ішінде табаны мен жағалаудағы жарықтарды бітеуге50 миллион теңге жұмсадық», – деп  пікір білдірген.

Жалпы, бұл мәселеден Алматыоблысының әкімдігі де хабардар. Бұл ретте, облыс әкімінің баспасөз хатшысы ҒалымұратЖүкел: «Бұл жағдайды білеміз, хабардармыз. Есік көлі суының азаюына «көлдіңмаңында орналасқан су электр стансаларының тікелей қатысы бар» деп айтаалмаймын. Біз барып, мұны тексердік, көрдік. Алдағы уақытта да мәселе бақылаудаболады. Есік көлінің маңындағы коммерциялық нысандар аймақтан алынып тасталады.Сонымен қатар қазір көлдегі катерлердің жұмысы тоқтатылды. Олар толық жағағашығарылды. Алдағы уақытта мұндай қызмет түрі көлде көрсетілмейді. Келешектекөлге кіреберіске арнайы блок-бекет қойылады. Барлығы бақылауда болады», – деді.

Әкімдік мамандары арнайы тексергеннен кейін биыл тау басындағы мұздықтардыңбелсенді ерімей жатқанын, содан барып көлге келетін судың қарқыны азайғанынбайқапты. Енді әкімдіктегілер «Қазгидрометтің болжамынша,  маусым айының 20-сынан кейін таудағы мұздықтарбелсенді түрде еріп, көлге су бұрынғыша келіп, барлығы реттеле бастайды» депотыр.  Алайда бұл мәселеге қатысты экологтарЕсік көлінің проблемасын үкіметтік деңгейде қарастыру керек деп есептейді. Экологтарданбөлек, «үкімет бұл тұрғыда сауатты шешім қабылдаса екен» деп елеңдеп отырғанелдің қарасы көп. Ендеше, біз де өз тарапымыздан Есіктің мәселесін төрдеотырған шенділер назарына алып, оңынан шешіп берер деп үміттенеміз.

Тақырыпқа тұздық

     Осы мәселеге орай, «Жас Алашқа»  Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы  Динара ТӨЛЕМІСОВА пікір білдірді:

– Есік көлі – Есік қаласының тұрғындары, жазғы саяжай, сондай-ақ жақынорналасқан ауылдық округтердегі шаруа қожалықтары үшін ауызсу мен суарукөзі.  Қазіргі уақытта ауызсу біріншікезекте беріледі, қалған су мөлшері суаруға жұмсалады.  Ауызсу Есік тұрғындарының қажеттіліктерінесәйкес, толық мөлшерде жеткізіледі. Көктөбе, Бөлек, Рахат ауылдық округтерінің және Есік қаласына іргелесжатқан ауылдардың ауылшаруашылық жерлерін суармалы сумен қамтамасыз ететін«Гидросервис» ЖШС Есік көлінен су алып жатыр. Ауылшаруашылық жерлерін суару ауданы 5500 гектарды құрайды. Еңбекшіқазақауданындағы Есік көліне құйылған су секундына 4 текше метрді құрайды, оныңсекундына 3,6 текше метрі суаруға бағытталған (сұраныс секундына 7-8 текшеметр), суаруға арналған судың жетіспейтін көлемі – 3,5-4 текше метр/сек.  Есік көліне судың құйылуы Іле Алатауыныңтаулы мұздықтарының еруіне тікелей байланысты. Көлге судың аз түсуінің бір себебі 2019-20 жж. қыста таулы мұздықтардыңпайда болуы үшін жауын-шашынның аз болуы, сонымен қатар мұздықтардың мол еруінеықпал ететін температураның жетіспеушілігі. Осыған орай, мамыр айында «Қазселденқорғау»мемлекеттік мекемесімен тау мұздықтарының жай-күйін зерттеу жүргізілді, ондатау мұздықтарының белсенді еруі байқалмағаны анықталды.  Қазір  Есік көліндегі судың азаюына және суаруғасудың жетіспеуіне байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Суармалы судың нақты мөлшеріне негізделген шаруашылықтарды суару кестесіқұрылды. Суарылатын судың көлемін арттыру үшін Есік өзенінің бойында орналасқантөрт су электр стансасының жұмысы су көлемі көбейгенше уақытша  тоқтатылды. 


Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34