Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

18.06.2020, 13:23

12

«Қазақстан темір жолы» ұлттықкомпаниясы Еуразиялық одақ тарапынан жасалған қитұрқылықтар кесірінен тығырыққатірелді. Мәселе оңтайлы шешілмесе, ұлан-ғайыр даламызда теміржолмен жүк тасуқұқығын «Ресей темір жолдары» компаниясы иемденуі бек мүмкін.

Еуразияэкономика одағы (ЕАЭО) мүшелері арасындағы өзара паритеттік (тепе-тең) серіктестіктуралы сөз қозғаудың өзі ерсі болып барады. Қабылданатын заңнамалар көбіне Ресейдіңмүддесін көздейді. Бұрын жыл сайын жүздеген миллиард теңге пайда тауып келген отандықтеміржол саласы ЕАЭО аясында сәйкестендірілген тарифке көшкеннен бері кері кетебастады. Мысалы, 2017 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясының пайдасы 3,5 есеге кеміп, бар болғаны12,9 млрд теңгені құраса, 2018 жылы 70млрд, 2019 жылы 86 млрд теңгешығынға батты. Жалпы, теміржол арқылы жүк тасымалы бойынша «сәйкестендірілген(біріздендірілген) тариф» деген қайдан шыққан еді? Алдымен сол мәселегетоқталайық.

  2012 жылыКедендік одақ аясында Қазақстан, Ресей және Беларусь бірлесіп, «Теміржол көлігіқызметіне тарифтік саясат негіздерімен қоса, қолжетімділікті реттеу туралы»келісімге қол қойды. Қазақстан парламенті 2013 жылдың 1 қаңтарында осы мәселебойынша арнайы заңды қабылдап, келісімді мақұлдады. Кейіннен, 2015 жылы құрамынаҚазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстанды біріктірген Еуразияэкономикалық одағы мүшелері де біртіндеп осы сәйкестендірілген тарифке көшті. 2017жылы Қазақстан Қырғызстан аумағына кіретін және одан шығатын теміржол тасымалынсәйкестендірілген тарифке көшірген бойда ҚТЖ 42 млрд теңге пайдаданқағылды. 

  ЕАЭО сотыныңүлкен алқасы «сәйкестендірілген тарифті әр мемлекет өзі қарастырады, үкіметтарапынан жасалатын протекционизмнен барлық мүше-мемлекеттер (экономикалыққолдау) өз еріктерімен бас тартты» деп хабарлады. Бірақ шын мәнінде олай емес. Өйткені«Ресей темір жолдары» компаниясы Кузбасстан таситын көмір мен Алтайдан алатын бидайүшін тарифін барынша төмендеткен. Мұндай нәрсені Ресей осы одақтың кез келгенмүшесінен талап ете алады. Ал Қазақстанның көмірі мен бидайын Ресей арқылы Беларусь,Арменияға тасымалдағанда сәйкестендірілген тарифтің «ресейлік үлгісі» жұмысістемейді. Біздің жүкке көптеген алым-салық қосылып, қымбаттап шыға келеді. «Ресейтемір жолдары» компаниясы  жүк тасымалыүшін сәйкестендірілген тарифті қалауынша өзгертіп, жүк тасымалындағы өзмүддесін қорғап отыр. Бұл әрекет ЕАЭО қабылдаған келісімдерге кереғар. Бірақоған терістік көрші пысқырып та отырған жоқ. Яғни мұндай экономикалық саясаттек «Ресей темір жолдары» үшін ғана тиімді. Бұл тығырықтан шығу үшін«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры  ҚТЖбасшылығына Германиядан топ-менеджерлерді жалдады. Сол-ақ екен, ресейшіл мүдденікүйттейтін басылымдар ақпараттық шабуылды боратып жіберді. Оның көпшілігітапсырыспен жазылғаны мәлім.

  Ал жаңатоп-менеджмент таяуда үкіметке ҚТЖ атынан сәйкестендірілген тариф қағидатынөзгерту туралы өтініш жазды. Жалпақ тілмен айтқанда, сәйкестендірілген тарифтібарлық бағыт бойынша транзиттік тариф деңгейіне дейін көтеруді сұрайды. Өйткенісәйкестендірілген тарифтен келген шығындарды ҚТЖ осы уақытқа дейін транзиттікжәне импорттық тарифтің есебінен жауып келді. Ал қазір транзиттік жәнеимпорттық тариф бойынша мұнай өнімдерін тасымалдау мүлдем тоқтады. 2019 жылыжүк тасымалының 78 пайызы өзінің құнынан төмен, ЕАЭО-ның сәйкестендірілгентарифімен тасымалданған.  «Егер транзиттік және сәйкестендірілгентариф деңгейін салыстырар болсақ, онда соңғысының төрт есе қалып кеткенінбайқайсыз. Мысалы, көмір – 10,3, темір рудасы – 8,9, бидай – 8,8, химиялық жәнеминералдық тыңайтқыштар мен түрлі түсті руда 8 есе төмен. Сондықтан транзиттіктарифтен түсетін табыстың есебінен реттелетін тарифті субсидиялауға мәжбүрміз»,– дейді ҚТЖ ұлттық компаниясының экономика бойынша басқарушы директорыШолпан Омарбекова.

     ҚТЖсәйкестендірілген тарифті жылдамырақ, Өзбекстан Еуразия экономикалық одағына кірмей тұрып өзгертуді көздейді. Бұл мәселетехникалық тұрғыда көтерілетін және төмендетілетін тариф ретінде көрініс табуыкерек. Оған дәйек ретінде «Ресей темір жолдары» компаниясының экспорттық жүктасымалына қосқан салықтарын алға тартқан. Ал Ресей мысалын «сорақылық» депесептемейтін кейбір сарапшылар ҚТЖ көтерген мәселені Еуразиялық одақтыңкелісімін бұзу деп есептейді. Баз бір ақпарат құралдарының  айтуынша, барлық бағыттағы жүк тасымалы екіесеге, ал  отандық тауар өндірушілердіңөнімдері бірнеше есеге қымбаттап кетуі мүмкін екен.

    Қалай болғандада, одақ ішінде құрылған қақпан ұлттық компанияға зияннан басқа ештеңеәкелмейді. Ал оның алдағы тағдыры үкіметтің қолында. Үкімет кімді таңдайды? Отандықтасымалдаушыны ма, әлде «Ресей темір жолдарын» ба? Оны көп ұзамай білетінболамыз.

Тоқтар ЖАҚАШ 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27