Қазақстанда коронавирусқа қатысты шектеу қайта енгізіледі

18.06.2020, 15:53

3

Үкімет Қазақстанның бірнеше өңіріндекоронавирусқа байланысты демалыста жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді. 

Қазақстанда коронавирус инфекциясынабайланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 2020жылдың 20-21 маусым күндері, яғни демалыс күндері қосымшашектеу шараларын енгізеді. 

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуынажол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешімге келді:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент,Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;

— ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің,азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

— қоғамдық тамақтану орындарының қызметінетек ашық алаңда әлеуметтік қашықты сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі;

— қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

— қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату:саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

— фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

— 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуғашектеу қою.

2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

— қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердіңжұмыс істеуін тоқтата тұру;

— 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

3)өңірлердің бас санитардәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-сұлтан,Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларынааумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілгенаймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.

Үкіметбасшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде мәселені шешуді тапсырды:

— медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасындаПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;

— ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;

— жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл және шұғыл шақыруларға уақтылықызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

— үйде отырған пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалыдинамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;

— халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантин режимін жаппайсақтамауы салдарынан коронавирустың таралу қаупі күшейіп тұрғанын айтқанболатын.

Соңғыаптада Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин қайта күшейтіліп, блокбекеттерқойылып жатыр. Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болып жатқандардың саныартып жатыр.

18маусымдағы таңғы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны15877-ге

жетті,6831 адам симптомсыз науқастар болса, 100 адам қайтыс болды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34