Александр Лукашенконың сайлаудағы ықтимал бәсекелесі тергеуге жеткізілді

18.06.2020, 20:10

4

Беларусь президенті Александр Лукашенконың алдағы президент сайлауында негізгі бәсекелесі болады делінген кәсіпкер Виктор Бабарико мемлекеттік бақылау комитетіне тергеуге жеткізілді. Бұл туралы мемлекеттік «Белтелерадиокомпаниясы» хабарлады. Кәсіпкердің ұлы Эдуардтан да сұрақ-жауап алынып жатыр.

Бабариконың сайлауалды штабы мәліметіне сүйенген Tut.by сайты олардың адвокатын бақылау комитетінің ғимаратына кіргізбегенін хабарлады. Сайттың жазуынша, ақпарат құралдарын көрген ведомство қызметкерлері ғимаратты ішінен бекітіп, жауып алған. Ресейдің мемлекеттік «Спутник» агенттігі кәсіпкердің үйінде тінту жүріп жатқанын жазды.

Бабарико және оның ұлы «Белгазпромбанкте» істеп жүріп, «салықтан жалтарды» деген күдік бойынша тергеліп жатыр. Бұл банкті Бабарико 20 жылдан бері басқарып келеді. Несие берумен айналысатын қаржылық ұйымның негізгі акционері — ресейлік «Газпром» және «Газпромбанк».

12 маусымда Лукашенко «Белгазпромбанктің» жұмысын тексеруді тапсырған. Ақпарат бойынша, президент оның атын атамай сынаған. Бұдан соң банкте тінту жүріп, 15 адам ұсталған.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтеді. Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Лукашенко алтыншы мерзімге сайлануға күш салмақ.

Жалпы бес үміткер сайлауға қатысатынын мәлімдеп, қол жинаған. Бұған дейін өзге үміткерлер де қоқан-лоқы мен арандату әрекеттеріне шағымданған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39