Майдангер Мәденов немесе маршал мақтаған қазақ

19.06.2020, 15:19

11

                                                

    Ұлы Отан соғысыбарысында «Берлин» операциясына қатысқан, фашизмнің ұясы, БерлиндегіРейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып өз взводын бастап кіріп, оныжаудан тазартудағы ерен ерлігімен ел есінде қалған қас батыр Кенжебай Мәденовболатын.  Оның ерлігі туралы КеңесОдағының маршалы Г.Жуковтың «Воспоминания и размышления» кітабынан бастап, көптегенәскери басшылар, жазушылар мен журналистер жазды.

     Сонау сұрапыл 1943-тің қақағанқаңтарында Мәден қарттың қарашаңыраққа ие болатын кенже ұлы, әлі 18-ге детолмаған Кенжебай өз еркімен Қызыл армия қатарына аттанды. Кіші командирлердаярлайтын Краснохомск жаяу әскерлер училищесін ойдағыдай аяқтаған соң, солжылдың қараша айында 3-Украина майданының 57-ші гвардиялық атқыштардивизиясының 170-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамындастанокты-пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып, жау қолында қансырап жатқанУкраина жерінде қанды шайқасқа түсті. Майдан жолы одан әрі былайша өрбеді. Кішікомандир К.Мәденов 5-ші екпінді армияның офицерлік жаяу әскер курсын тәмамдағансоң, кіші лейтенант офицерлік шенін алып, 1944 жылдың қараша айынан бастап ІБеларусь майданының 5-ші екпінді армиясының 266-шы атқыштар дивизиясы, Сувороворденді 1008-ші атқыштар полкі, 2-ші батальон ротасының 5-ші атқыштар взводынакомандир болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең сұрапыл шайқастары саналатын Днепрденөту, Яссы-Кишинев операциясына, Варшаваны азат ету, Висла-Одер операциясына,Берлинді алу шабуылына қатынасты.

     1945 жылдың 16 сәуіріндегі«Берлин шабуылы» операциясы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең ірі әрісұрапыл шайқас болғаны тарихтан белгілі. Осы операция кезінде, 29 сәуір күнілейтенант К.Мәденовтің взводы бірінші болып фашистердің атышулы Рейхстагтанкейінгі негізгі ұясы – Ратуша үйіне кіріп, жеңіс туын тікті. Әрине, бұл айтуға ғанаоңай болатын.

    Берлин қаласының әр үйін берік бекініскеайналдырып алған фашистер шабуылшыларға қарға адым жылжуға мұрша бермейарпалысты, қырғын ұрыс көшесінде адам қаны суша ақты. Сұрапыл шайқас үстіндеК.Мәденов батальон командирі И.Бобылевтан шақырту алады. Командир жоғарғы командованиеніңбұйрығы бойынша «Империя кеңсесі» Ратушаға жеңіс туын тігу оның взводынатапсырылғанын жеткізеді. Оның орындалуы туралы соғыстан кейінгі бейбіт замандагвардия капитаны К.Мәденов былайша еске алады: «Бұйрықты алғаннан кейінвзводыма келіп, жауынгерлерге алдағы міндетті түсіндірдім, тапсырманы қалайорындаудың жайын, шабуыл жасаудың жобасын айттым. Бізге бір бөлімше көмеккекеледі. Ратуша – көпқабатты қара қоңыр зәулім үй. Ратушаның қақпасына дейін барболғаны 40-50 метрдей-ақ жер. Оқ нөсерінің күштілігі сондай – ол асфальттытесіп өте алмай, жоғары шоршып, бұршақ жауғандай сатырлап жатыр. Бірнеше снарядРатушаның ауыр қақпаларын бұзып, қабырғаларын опырып жіберді. Осы кезде  «Алға! Алға!» деп есіктен ытқи жөнелдім. Меніңізімше взводтағы жауынгерлер де бір-бірден лап берді. Ұрыстың жойқыны Ратушаныңішінде болды.… Ақырында «Империя кеңсесі» жаудан түгел тазартылды да, Ратушаныңтөбесіне біз тіккен Қызыл ту желбіреп тұрды» («Қазақстан коммунисі» журналы, 6 маусым, 1970 жыл).

     Ратушаны қорғап тұрғандаратышулы фашистік СС-тің таңдаулы бөлімдері болатын.  Олар өліспей берісетіндер қатарынан емес.Ратушаның ішіндегі шайқаста әр қабатты қолма-қол ұрыстармен алуға тура келді.Ратушаның төбесіндегі тұғырға жойқын ұрыстардан соң, взвод командирі К.Мәденовпен комсорг К.Громов жеңіс туын қадады. Соғыстың соңғы күндерінде бар болғаны20 жастағы лейтенант Кенжебай Мәденов фашизм ордасында жеңіс туын тігіп, ұлтрухын асқақтатқан қас батыр болды.

    Кенжебай ағамыз соғыстан оралғансоң, шаңырақ көтеріп, үйлі-баранды болды. Қазиза Уәлиқызымен отасып, дүниегетөрт ұл, үш қыз әкелді. Рауза-Сәуле атты егіз қыздары, Махамбет, Исатай, Серік,Тарас (өкінішке қарай, 2003 жылы дүниеден озды) және Майра атты ұрпақтары батырәкелерін ерекше мақтаныш етеді. Бүгінгі таңда ағамыздан тараған ұрпақтарАтырау, Орал, Астрахан қалаларында бейбіт те шат-шадыман ғұмыр кешуде. «Адамұрпағымен мақтанады және ұрпағымен мың жасайды» деген сөз бар дана халқымызда.Адам ғұмырында ұрпақтар сабақтастығы да қатар өріле өрбиді. Оның жарқын мысалынбатырдың ұрпақтарынан да байқаймыз.

       Махамбет Кенжебайұлы Отаналдындағы әскери борышын Қызыл Тулы Қиыр Шығыс әскери округіне қарасты Еврейавтономиялық облысы Бабстово селосында орналасқан әскери бөлімде сержантатағымен  радиопеленгаторлық қызметтіңбастығы ретінде өтеп жүрген кезі болатын. 1981 жыл. Қаңтар айының шыңылтыр біркешінде көрші жаяу әскер бөлімінің плацынан өтіп бара жатып жаңадан ілінгенплакатқа көзі түседі. Плакатта әскери бөлімнің Ұлы Отан соғысы жылдарындағыжауынгерлік жорық жолдарының картасы көрсетілген екен. Зерек те аңғарғышсержант картадағы әскери бөлімнің Днепр, Украина, Яссы-Кишинев операциясы,Польшаның астанасы Варшаваны азат ету, Германия, Берлин операциясынақатысқандығына ерекше мән беріп, ойға беріліп бөліміне оралады. Әскери бөлімніңжорық жолдары тура әкесінің соғыс жылдары қызмет еткен бөлімінің жорықжолдарымен сәйкес келуі көңілге қобалжу енгізді. Әкесінің жорық жолдарын ескетүсіріп, өзіне сенімді болу үшін көрші әскери бөлімге  барып, барлығына көз жеткізгісі келді.

      Көптен күткен жексенбі күнікомандирінен демалыс алып, көрші әскери бөлімнің казармасын бетке алады. Кеңесармиясы бөлімдерінде қоғамдық-саяси сабақтар өткізетін әрі демалыс бөлмесі  аталған «Ленин бөлмесі» атауымен белгілікабинеттер болды. Жауынгер Махамбет бөлме қабырғасына ілінген әскери бөлімніңтарихымен енді таныса бастаған кезде бір топ офицер бөлмеге сау етіп кіріпкеледі. Әскери дағдымен сержант Махамбет Мәденов оларға оң қолын шекесінеапарып, сымша тартыла қалды. Топ ішіндегі подполковник қасындағыларға жаңаданжасақталып жатқан бөлмеге дайындалып жатқан плакаттар мен карталар қалайілінетінін баяндап береді. Келген топ бөлмеден шығуға бет алған тұста сержантподполковниктен бұл соғыс жылдарындағы 1008-ші атқыштар полкі емес пе, егер десол полк болса, екі «Қызыл жұлдыз», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендері менкөптеген медальдардың иегері, әкесі Кенжебай Мәденов осы полк құрамында болғанынжеткізеді. Тосын жағдайға қатты таңғалып, аңтарылып қалған подполковник: «Қазірмына келген комиссия жұмысын аяқтасын, сен кетіп қалма, өзім келемін», – дейді.

      Біршама уақыттан соңподполковник қайта келіп, өзін таныстырады. Осы әскери бөлімнің штаб бастығыМалых екен. Ол сержантты өзімен бірге штабқа алып келеді. Штабта жинақталғанқұжаттар ішінен әкесі туралы құжаттарды көрсетіп, соғысқа қайдан шақырылғаны,қай ротада қызмет еткені, ұрыста қандай ерліктер көрсеткені, қандай наградаларалғаны туралы  оқып береді. Подполковникбұл кездейсоқ кездесуге ерекше толқып, әскери бөлімнің «Жауынгерлік даңқ»мұражайын ашуға дайындық жұмыстарының қызу жүріп жатқанын, көңілінде әкегедеген мақтаныш сезімі лаулаған сержантты командованиемен сөйлесіп, өз бөлімінеалдыртуға жұмыстанатынын жеткізеді. Отан қорғаудағы ұрпақтар сабақтастығыныңнақты көрінісі ретінде оның осы бөлімде болуы, шынында да, жас жауынгерлергеүлгі-өнеге болатын. Осылайша Махамбет Кенжебайұлы сонау Қиыр Шығыста әкерухымен осылайша кездесіп еді.

    2017 жылдың шіліңгір шілдесінде«Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау филиалының бастамасымен «Алаш жолымен»атты ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция жұмысы Атыраудан бастау алды.Мақсат Алаш арыстарының ізі қалған облыстың Қызылқоға ауданы, Ақтөбе облысыныңОйыл ауданы, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Сырым аудандарындағы және Оралқаласындағы тарихи орындарға тағзым етіп, деректер жинақтау, жұртшылықпенкездесу болатын. Іссапар барысында Қаратөбе ауылындағы Мұхит Мералыұлыатындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында аудан тарихымен танысып, өңірдіңтанымал тұлғалары туралы құнды деректерге қанықтық. Мұражай жәдігерлеріарасынан қаһарман батыр К.Мәденовтің фотосы көзіме оттай басылды.Қаратөбеліктер де батырды өз жерлесіміз деп қадірлейтіндіктерін аса зорілтипатпен атап өтті.

 Фашизм обасының «империя кеңсесі» Ратушаға Жеңістуын тіккен қаһарман ұлдың бүкіл қазаққа ортақ ер екені көңілге мақтанышсезімін ұялатты.

                                                                                    Аққали АХМЕТ,

тарих ғылымының докторы,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің профессоры 




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39