Күркіреп күндей өтті ғой, соғыс...

19.06.2020, 15:28

16

   Бүгінгі күні әлемнің өткентарихын есепшотқа қағып отырған көптеген тарихшылар өткен ғасырда 60 миллионғатарта адам басын жалмаған Екінші  дүниежүзіліксоғыс қай кезде басталды деген даулы тартыс өткізуде. Әрине, бұрынғы КСРО халқыүшін Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың 22 маусымында басталғаны белгілі. Бірақ қазір бұрынғыпосткеңестік кеңістікте өмір сүріп жатқан тарихшылардың өзі КСРО үшін соғыс1941 жылы емес, одан бұрын басталды деген дау айтады. Оған мынадай дәлелдеркелтіреді. 1939 жылы КСРО өзін «бейтарап» ел ретінде жариялады. Алайда солкезеңде (1941 жылға дейін) кем дегенде 23 миллион адам тұратын аймақты басыпалды. Мұны қалай түсінуге болады? Мәселен, Германия 1939 жылы 1 қыркүйектеПольшаға басып кірді және Екінші дүниежүзілік соғыстың бастамашысы болды. Дәлсол жылы, сол айда Польшаға екінші бір жағынан басып кірген КСРО-ға ешқандайайып тағылған жоқ. Басып алынған жерде НКВД мыңдаған әскерилерді қырды,тұтқынға қамады. «Бейтарап» ел еш уақытта тұтқынға ешкімді алмаған және ешелдің тұтастығына қауіп төндірмеген. Бейтараптықтың заңда қатталған қағидасы солай.

     Ал КСРО әлемдік заңды белден бір-ақ таптағаныанық. Солай бола тұрса да, дүниежүзілік соғысқа КСРО 1941 жылы 22 маусымда ғанаараласты делінеді. Неге? Тағы бір мысал, Германия Данияны басып алды. Бұл соғысактісі саналады. Ал Кеңес елі сол тұста үш Балтық мемлекетін өзіне қаратты.Бірақ бұл басқыншылық әрекет деп танылмады. Артынша Германия Норвегияғабаса-көктей енді. Бұл агрессия деп саналды. Дәл осының алдында кеңестік империяФинляндиямен соғысты. Бұл да санатқа енбеді. Германияның қанды қылмыстары 1939жылдың 1 қыркүйегінен (Польшаны басып алған уақыт) басталса, неге екенін қайдам, КСРО үшін соғыс 1941 жылы 22 маусымнанбастау алады. Шындығы керек, КСРО Жоғарғы Кеңесі 1939 жылы 1 қыркүйектекезектен тыс сессия өткізіп, онда жалпыға бірдей әскери міндетті бекітті. Оғандейін мұндай шешім болған жоқ-ты. Бұл КСРО тарапынан үлкен соғысқа дайындықтыңбастамасы болатын. Ақиқатында, сол 1 қыркүйекте Польшаға басып кірген Гитлер,тіпті батыс елдері жер-жаһанды жайлайтын Екінші дүниежүзілік соғыстың дәл солжерде басталғанын білген жоқ. Алайда коммунистер білді және үлкен соғысқа дайындықжүргізуді бастап кетті. Осы тұрғыдан келгенде тарихшылар КСРО үшін соғыс 1939жылы 19 қыркүйекте Польшаны басып кірген кезден бастау керек деп айтады. Ал1941 жылдың 22 маусымы текетірес екі елдің, яғни  совет пен  германның бір-біріменқоян-қолтық келіп қақтығысқаны  деседі.                                                        

      Кеңес империясы құлаған соң,бұрынғы құпия сақталып келген мемлекеттік маңызы бар құжаттардың біразымұрағаттан шығарылып тасталғаны белгілі. Солардың баспасөз беттеріндежарияланған кейбір деректеріне назар аударатын болсақ, фашистік рейх емес,империалистік КСРО Германияны алдымен басып алуға тырысқанын байқаймыз.

     Немістер ағылшындармен басықатып жатқанда Мәскеу Германияны қиратудың амалын қарас­тырып, сұңғыла жоспарқұрып үлгерді. Оны Ресей (ҚМ) мұрағатында 1941 жылғы қорғаныс халық комиссарыС.Тимошенко мен бас штаб басшысы Г.Жуков және А.Васильевскийдің бірігіпСталинге осындай жобамен шыққанын растайтын хат әлі сақтаулы. Онда «Алдағыміндет – мамыр айын­да Вермахтың алдын алып, (немістер 22 маусымда соғыс ашқаныбелгілі) неміс әскерлерін Польша жерінде, Висла өзені мен Краков маңында талқан­даукерек» деп көрсетіледі. Мұндағы КСРО-ның ойы ағылшындармен алысып жатқанГерманияның бір бүйірінен тап беріп, бүріп тастау еді. Қызыл әскер бұғанбіршама жақсы даярлықтар жүргізді. Шабуыл жасау үшін батыс шекараға ірі әскеритех­ника мен жүздеген дивизияны шоғырландыр­ды. Тіпті Германияға шабуыл жасау12 маусымға белгіленді (бірақ бұл алдын ала соққы беру жоспары Сталинніңтабансыздығының арқасында іске аспай қалды). 13 маусым күні батыста шоғырланғанбарлық әскери бөлімдерге «кез келген уақытта Еуропаны азат етуге даяр тұрыңдар»деген бұйрық та беріліп үлгерді. Міне, 1939 жылы соғыспау жөніндеМолотов-Риббентроп қол қойып, шарт жасасқан екі елдің жасырын ойы осындайболатын.
      Ақиқатын айтар болсақ,  «немістербізден  басым  болды, сондықтан  алғашқы кезде көп  қырғынға  ұшырадық» деген  кезіндегі кеңестік   тарихтың жалғандығы  қазір  белгілі болды.   Нақты  деректерге сүйенсек, Үшінші  Рейхтың   Кеңес елінің  шекарасына  топтаған әскермен,  техникадан   кеңестік елдің  армиясының  саны да,  қару-жарағы  да әлдеқайда  көп  еді. Мәселен, 1941 жылдың 22 маусымында Қызыләскер­дің қолында 25 мың танк болды. Оның 14 мыңы батыс шекарада тұрды. Аләскери жағдайға кірісіп кетуге дайын тұрған 19 мың әскери ұшақтың 11 мыңы сол батыстаеді. Ал немістер КСРО-ға қарсы небәрі 4846 ұшақ пайдаланды. Қызыл әскерде 60мың миномет пен өзге де зеңбіректер болса, немістерде ол құралдардың саны 43мыңды ғана құрады. Батыс шекарада тұрған кеңес әскерінің саны 2 миллион 719 мыңболса, Вермах әскері 2,5 миллион еді. Ал 22 маусымға қарсы Кеңес елі тағы да 77дивизияны батыс шекараға жақын­датты. Қысқасы, соғыс басталар күннің қарсаңын­дабатыс аймақта тұрған Қызыл әскердің қолы 4,3 миллион, сонымен қатар 59 787зеңбірек және 15 687 танкпен жарақтанды. Бұл кезде Вермах әскерінің Шығысмайданында 3650 танк бар еді. Қысқасы, 166 неміс дивизиясына 190 кеңестік дивизияқарсы тұрды. Сонымен қатар 800 мың резерв әскерге шақырылып, батыстағы шекарадивизияларын толықтыруға жіберілді.

      Шындығында, КСРО үлкен соғысқасақадай-сай тұрған болатын. Дегенмен Қызыл армияның немістерден сан жағынан да,техника жағынан да басым бола тұра, масқара болып Мәскеудің түбіне дейіншегінуінің бірнеше себептері бар. Ең басты салдары, ол – сталиндік режимнің1936-37 жылдары 50 мыңға жуық қызыл командирлерді, соның ішінде соғыс ісінеәбден шыңдалған, тәжірибелі бас қолбасшыларды «халық жауы» деген желеумен топтапатып жіберуі. Осыдан келіп соғыс басталған кезде әскерді басқаратын командирлерқұрамы жетіспеді. Мұның ақыры қызыл әскерлердің жаппай кейін шегінуіне, тұтқынғатүсуіне, майдан алаңын тастап кетуіне ұрындырды. Екінші бір мәселе –қару-жарақтың, техниканың ескілігі һәм жетіспеушілігі үлкен рөл атқарды.Кеңестік әскери ұшақтар, танктер, өзге де атыс құралдары немістердің жаңаүлгідегі қаруына қарсы тұра алмады.  Бұған тағы  бір  қосарымыз, Қызыл  армияның  сол  кездегі  доктринасы  қорғанысқа  емес,  тек шабуылдау  мақсатында  жасалғандығы. Қорғанысқа көп  көңіл бөлінбеді. Содан  болар,  барлық әскери  ұшақтар  тұрған әуежайлар, оқ-дәрі  қоймалары  шекара  маңында  болды. Немістердің  алғашқы соққылары  соған  бағытталды. Ұшақтар  көкке  көтерілмей жойылды. Қоймалар  жарылды.Фашистер   соғыстың алғашқы күндері-ақ 4216  вагон    оқ-дәрі мен снарядтар тиелген вагондарды  басып  алды.

     Жалпы, Қызыл армия  соғыстың  алғашқы кезеңінде 500  мың тонна снарядтан  айырылды.303  оқ-дәрі  жасайтын зауыт-фабрика   немістердіңқол  астында  қалды. Екінші бір  мәселе – Қызыл армияның қолынжіпсіз  байлаған  Жуков бастаған  бас  штабтың бұйрығы  еді. Онда  «арандауға   еріп кетпеу, шекаралық  көпірлердегі миналарды  алып  тастау, қарсыластардың   ұшақтарын атпау»  т.б. дүниелер  жазылған. Бұйрықты орындамағандар әскери трибуналмен  жазаланатыны  айтылған. Тіпті 1941 жылдың 22  маусымы күні соғыс  басталған  алғашқы сағаттарда батыс  шекарада тұрған   әскерге  таратылған бас штабтың  №1 директивасы Қызыл  армияға «өлімді  тік  тұрып қарсы  алыңдар» дегендей  болды. Онда «Ешқандай  арандатуға  бой  алдырмаңдар.  Өз беттеріңше  қимыл  жасамаңдар» деп  жазылған.  Қол  қойғандар– бас  штаб басшылары Жуков  пен Тимошенко. Бұл шешім әскерге жеткен  кезде немістер   кеңес жеріне ішкерілеп кіріп  кеткен болатын.

    Миллиондаған  боздақтың түбіне  жеткен ұлы  ғарасат майдан  осылай  басталған еді.


Күлтегін  БЕК

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16