19.06.2020, 10:58
61
Өткен демалыс күні Алматы қаласының орталығында «Субботаж» шарасына қатысқан кемінде бірнеше белсендінің қамалғаны хабарланды. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тағы парақшасында кемінде 8 белсендінің 15 күнге қамалғанын жазды.
"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);Sud.kz сайтының ақпаратына сәйкес, 15 күнге қамалған белсенді Асхат Жексебаевқа Әкімшілік кодекстің 488-бап 6-тармағы («Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу») бойынша айып тағылған. Сот шешімінде елде «экстремистік» ұйым деп танылған «Көше» партиясының мүшесі Жексебаевтың 13 маусымда Арбат аумағында өткен «заңсыз қоғамдық шараға қатысқаны», «белсенділер — экстремист емес», «Алға Қазақстан» деп айқайлағаны жазылған.
Ал белсендінің өзі сотта өзіне тағылған айыпты мойындамаған, сенбі күні кешке отбасымен бірге Арбатқа серуендеп барғанын, конституциялық құқықтарын жүзеге асырғанын айтқан. Оның қамау мерзімі 18 маусым кешкі сағат сегізден бастап есептелген. Sud.kz сайтындағы ақпарат бойынша, Марат Құрбановтың үстінен де жоғарыда көрсетілген бап бойынша әкімшілік іс қозғалған, бірақ сот шешімі әзірге жарияланбаған.
«Шеруге» қатысқан төрт белсенді: Қайрат Қылышев, Бақдәулет Әлібеков, Абайбек Сұлтанов және Ермек Қазиевтің құқығын сотта қорғаған адвокат Жанар Балғабаева белсенділердің 15 күнге қамағанын растады.
— Сот шешімін сөзсіз апелляцияға береміз. Адам құқығын сақтау жөніндегі қазақстандық бюро қолдауымен белсенділердің құқығын қорғадық, — деді адвокат.
19 маусымда Азаттық тілшісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына хабарласқанмен жауап ала алмады.
13 мамырда кешке Алматыда Панфилов көшесінің бойында жүз шақты адам шеру өткізген еді. «Субботаж» атты серуенге ұқсас шара кезінде жиналғандар музыкалық аспаптарда ойнап, кейбірі билеген. Оған қатысушылар «Белсенділер — экстремист емес» және «Алға, Қазақстан» деп айқайлаған. Полиция шараны бақылағанмен ешкімді ұстамаған. Оған қатысқан белсенділер шеруді әр апта сайын сенбіде өткізетінін айтқан еді. Шеру өтетін күн жақындаған кезде белсенділердің қамалып, кейбірінің қысымға ұшырағаны белгілі болып отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР