Алматы тұрғыны қала әкімі Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етті

19.06.2020, 18:11

9

19 маусымда күндіз Алматы тұрғыны Ерболат Түркеев қаладағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші маңында жалғыз адамдық пикет өткізіп, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етті.

«Бақытжан Сағынтаев әкім қызметінен кетсін. Ол өз меншігіндегі жер сияқты мемлекетке тиесілі жерлер мен нысандарды сатып жатыр. Бұған дейін Алматы әуежайы, спорт нысандары сатылды. Мен бұл шешімдермен келіспеймін. Мысалы, Алматы әуежайы нағыз стратегиялық нысан. Халықтың салығынан жиналған ақшаға алынған нысандардың игілігін көпшілік көрген жоқ» деді ол.

Тұрғынның сөзіне қарағанда шамамен бір сағат ішінде оған әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған бірнеше адам келіп, «пикеттің заңсыз» екенін ескерткен.

«Мен бұған дейін бірнеше рет пикет өткізетінімді айтып, ескерткім келген. Бірақ өтінішімді ешкім қабылдамады» деді ол.

Қазақстанда жаңадан қабылданған бейбіт жиын туралы заңға сәйкес, жалғыз адамдық пикет өткізу үшін де әкімдікті ескерту қажет. Бұл заңды құқық қорғаушылар өткір сынаған.

Азаттық тілшісі тұрғыннан сұхбат алып жатқан кезде шамамен жүз метр жерде көліктің жанында бірнеше адам тұрды. Бірақ олардың әкімдік немесе полиция қызметкерлері екенін анықтау мүмкін болмады.

Ерболат Түркеев мамыр айының соңында да осыған ұқсас пикет өткізген. "Іле Алатау ұлттық паркінің жеке меншікке берілуіне қарсымын. Алматы әуежайының сатылуына наразымын. Әкім міндетін лайықты орындап жүрген жоқ деп санаймын" деген еді ол сол кезде.

Мамыр айының соңында Алматының іргесіндегі Іле Алатауы ұлттық паркіне тиесілі жердің бір бөлігін (бұл аумаққа Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан шатқалы, Асы үстіртінің учаскелері мен басқа да жерлер кіреді) мемлекет жекеменшік компанияға 49 жылға жалға бергені белгілі болған еді. Ұлттық меншік саналатын аумақты жалға беру экобелсенділер арасында үлкен резонанс туғызды. Жергілікті экологтар мен сарапшылар аумаққа салынайын деп отырған туристік кешендер экологияға орасан зиян тигізуі мүмкін деп қауіптенеді. Олар жобаларды мұқият зерттеу қажет деп санайды.

Оқи отырыңыз:«Жарты сағат талқылап, жарты ғасырға жалға берді». Іле Алатауы ұлттық паркінің жері кімге өтті?

Бұған дейін жолаушылар саны жағынан Орталық Азиядағы ең ірі Алматы әуежайының да TAV Airports деп аталатын түрік холдингіне 415 млн долларға сатылғаны хабарланған еді.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16