Зерттеу: Коронавирус Италияда былтыр желтоқсан айында болған

21.06.2020, 03:00

4

Былтыр желтоқсан айында Италияның Турин мен Милан қалаларында ағын судан алынған сынама үлгілерінен коронавирустың генетикалық бөлшектері табылған. Бұл туралы ұлттық денсаулық институты хабарлады.

Екі зертхана түрлі әдіс қолданып, зерттеу жүргізген, бірақ нәтижесі бір болып шыққан. Италияда коронавирус жұққан науқастар анықталмай тұрып, 18 желтоқсанда Турин мен Миланнан су үлгілері алынған. Италияда коронавирус жұққан алғашқы науқастар 2020 жылы 31 қаңтарда анықталды. Ең алғаш рет Римде жүрген екі қытай турисінен вирус табылды. Бір аптадан соң вирус ошағы Қытайдың Ухань қаласынан келген Италия азаматынан вирус табылды. Ақпан айының соңында коронавирус жылдам тарап, Ломбардия провинциясы Италиядағы «вирус ошағына» айналды.

Италия ғалымдарының айтуынша, қазан және қараша айларында ағын су үлгілерінде РНК SARS-CoV-2 болмаған.

Бірқатар елдердің ғалымдары вирус ошағын анықтау үшін ағын суды зерттеп жатыр. Олардың пікірінше, халықты жаппай қымбат тестен өткізбей-ақ суда РНК вирусының бар-жоғын тексеру арқылы вирус ошағын анықтауға болады.

Италиядағы ағын судан SARS-CoV-2 бөлшектерінің табылуы вирус Еуропаға әлдеқашан ертерек келгенін дәлелдей түседі.

Мамыр айының басында француз дәрігерлері былтыр желтоқсан айында пневмонияға шалдыққан науқастардың қан үлгілерін екі рет зерттеп, COVID-19 ауырған бір науқас барын анықтаған. Ол адамның аты-жөні аталмайды, алайда ақпарат бойынша, науқас Франция аумағынан шықпаған және ешқашан Қытайда болмаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34