Шымкент пен Түркістан облысында пневмониямен ауырғандар күрт артты

21.06.2020, 03:00

10

Шымкент қаласы және Түркістан облысында пневмониямен ауырғандар саны күрт артты. Бұл туралы 20 маусым күні қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызының айтуынша, медициналық мекемелерге келіп жатқан науқастар саны көп. Оларды жатқызуға тесек-орын жеткілікті. Қосымша орын дайындалып жатыр. Қазір медициналық ұйымдарда 318 адам пневмониямен емделіп жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға көп. Пневмониямен жедел жәрдем шақырушылардың саны 50 пайызға артқан. Пневмонияға шалдыққан 300-ден астам адам арасында 110 науқастан коронавирус анықталған.

Азаттық тілшісі соңғы уақытта Шымкентте дәріханаларда дәрілердің шектеліп беріп жатқанын байқады. Дәріхана қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, соңғы аптада дене қызуы көтерілген тұрғындар көбейген. Олар көбіне антибиотиктер сұрап келген. Дәріханаларда анальгин, димедрол сияқты дәрілерді сату шектелген.

Процедуралық кабинеттерге де келушілер көбейген. Онда жүрегі айнып, лоқсып жатқан, дене қызуы көтерілген, дәм сезбей қалған, әлсіздік басқанын айтып шағымданғандар жиі кездеседі. Олардың ішінде жасы да, зейнеткерлер де бар.

— Бір аптадан бері дене қызуым көтеріліп, әлсіздік басты. Күнде дәрі ішіп, ине салдырып отырмын. Қазір дене қызуым басылғанымен әлсіздік кетпей жатыр, — дейді аты-жөнін айтудан бас тартқан тұрғын.

Түркістан облысында да соңғы бір аптада пневмониямен ауырғандар саны көбейген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, маусым айында 600-ге жуық адам пневмониямен ауырып, ауруханаға түскен. Олардың тең жартысы жазылып, үйіне жіберілген.

Облыста ауырып, емханаға түскендерге орын таппай жатқаны туралы Facеbook парақшаларына жазып жатқан қолданушылар бар. Дегенмен денсаулық сақтау басқармасы қазір орын жеткілікті екенін айтады. Олардың айтуынша, аудандардан қосымша медицина қызметкерлері тартылып жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе облысында да пневмонияға шалдыққандар 6 есеге көбейгені хабарланған еді. Жағдай қиындағандықтан дәрігерлер ауруханалардан қосымша орын дайындауға мәжбүр болған. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы пневмонияны емдейтін дәрігерлер тапшылығын да айтқан.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар 6 есе көбейді, дәрігерлер тапшы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39