Беларусьте наразылық акциясында жүзден аса адам ұсталды

20.06.2020, 21:00

34

19 маусымда Беларусьте белсенділер мен саясаткерлерді қудалауға қарсылық акциясы кезінде кемінде 110 адам ұсталды. Бұл туралы «Весна» құқық қорғау орталығы хабарлады. Ұсталғандардың арасында Азаттықтың Беларусь қызметі және өзге де ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Жұма күні Беларусьте президент сайлауына қатысатын үміткерлерді тіркеу аяқталуы тиіс болған. Бірнеше кандидат сайлауға қатысудан бас тартқан. Ал Александр Лукашенконың басты қарсыласы болады делінген кәсіпкер Виктор Бабарико бұған дейін қылмыстық іс бойынша ұсталып, тергеу изоляторына қамалған еді.

Кандидаттарды тіркеу жүріп жатқан шақта елде наразылық акциялары өтті. 19 маусымда кешке қарай Минск және өзге ірі қалаларда акциялар қайта жалғасты. Қудаланған белсенділер мен саясаткерлерді қолдаған адамдар «ынтымақ шеруін» өткізген.

Минскіде кемінде 80 адам ұсталды. Бобруйск, Гомель, Витебск, Новолоцк және өзге қалаларда да ұстаулар болды. Ұсталғандар арасында «Белсат», Tut.by, «Еурорадио», Reuters, 6TV журналистері бар.

Видео: Полицияның журналистерді ұстауы. Минск, 19 маусым 2020 жыл.

19 маусымда кешкісін қамаудағы Виктор Бабарико штабы кәсіпкердің бұған дейін жазған мәлімдемесін жариялады. Онда банкир президент өкілеті мен президенттік мерзімді шектейтін 1994 жылғы Конституцияға оралу үшін референдум өткізуді ұсынған. Беларусь заңы бойынша референдум өткізу туралы бастаманы президент, парламент немесе 450 мың адамның қолы бар бастама тобы көтере алады. Әрбір облыстан кемінде 30 мың адам референдум туралы бастамаға қол қоюы қажет.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтеді. Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко алтыншы мерзімге сайлануға күш салмақ.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04