Пневмонияға шалдыққандар күрт көбейген Ақтөбе облысында науқастарды күндізгі стационарда емдеп жатыр

20.06.2020, 20:59

27

Пневмонияға шалдыққандар күрт көбейген Ақтөбе облысында дәрігерлер жедел пневмонияны емханалар жанындағы күндізгі стационарда емдей бастады. Ақтөбедегі үш аурухана базасынан жасақталған пульмонология бөлімінде орын жетпегендіктен облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай шешім қабылдаған. Бұған дейін Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар саны маусым айында 6 есеге көбейіп, дәрігерлер тапшы бола бастағаны хабарланған еді.

Қала емханалары жанындағы күндізгі стационарлар пневмонияны емдеуге 20 маусымнан бастап кіріскен.

— Жоспарлы жұмыстарымыздың бәрін уақытша тоқтатып қойдық. Бүгіннен бастап күндізгі стационарда тек пневмонияны емдейміз, — дейді №2 емхананың бас дәрігері Қайырбек Тоқтаров.

Ақтөбедегі №2 емхананың күндізгі стационарында 10 орын бар. 20 маусым күні бұл жерге бірден бес адам түскен.

Қайырбек Тоқтаровтың айтуынша, күндізгі стационар пациенттерді таңғы сағат 9:00 мен 17:00 аралығында ғана қабылдай алады.

Ақтөбедегі №3 емхана сенбіде 30-дан астам науқасты емдеген. Емхананың бас дәрігері Жәнібек Нармұхамедов 5-6 адамның жағдайы ауыр болғанын айтады.

— Емханада екі кислород концентраторы бар еді. Бүгін сол аппараттың көмегі көп болды. Бұған дейін емхананың 4 бригадасын пульмонология бөлімі бар ауруханаларға көмекке жібергенбіз. Қалғандары бүгіннен бастап жоспарлы жұмыстарды мейлінше шектеп, пневмониямен күреске жұмылды, — дейді Жәнібек Нармұхамедов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қала бойынша күндізгі стационарлардағы орын саны туралы ақпарат алу мүмкін болмады. Басқарма басшысы Әсет Қалиев сәрсенбі күні қызметінен кетіп, қазір оның міндетін орынбасары Светлана Есенаманова атқарып отыр. Басқарма басшысының тағы бір орынбасары сырқаттанып қалған.

Жұмадан бері әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі ауруханалардың пневмонияға шалдыққан тұрғындарды қабылдамай, жедел жәрдем бригадаларын жаппай кері қайтарғаны туралы видео тарап жатыр. Басқарма әзір бұған қатысты түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз:«Шешесінің қайтыс болғанын естіртті». Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар күрт көбейді

Азаттыққа телефонмен сұқбат берген жедел жәрдем фельдшері Әміре (есімі өзгертілген — ред.) «осы аптадағы шақыртулардың 80 пайызы дене қызуы көтерілген науқастар» дейді. Фельдшер Ақтөбедегі пульмонология бөлімшесі бар үш аурухананың лық толы екенін, науқастарды қабылдауды тоқтатқанын айтады.

— Теміржол ауруханасы «орын жоқ» деп қабылдамай қойған бірнеше науқасты жұма күні облыстық ауруханаға апардық. Олар есігін мүлде ашпады. Әр науқастың жанында 20 минуттай тұрып, қолдарына құжаттарын ұстатып, аурухана ауласына қалдыруға мәжбүр болдық. Бұл жағдай күні бойы қайталанды. Кей науқастар такси шақырып, кейбіреулері туыстарымен бірге үйлеріне қайтып жатты,- дейді фельдшер.

Ақтөбе облысында маусым айында 650 адам пневмонияға шалдыққан. 19 маусымдағы дерек бойынша, оның сегізі қайтыс болған, 22 адам хал үстінде жатыр. Аймақта пневмонияны емдейтін дәрігер тапшы. Денсаулық сақтау басқармасы «пневмонияға шалдыққандардан коронавирус табылмады» дейді. Бірақ күні-түні жұмыс істеп жатқан дәрігерлер пневмония белгілерін COVID-19 дертінің симптомдарына қатты ұқсатады.

Ақтөбеде пневмония індеті елде коронавирус пандемиясы өршіп тұрған тұста көбейіп жатыр. 19 маусымдағы мәліметке сай, Қазақстанда 25 мыңнан аса адамнан коронавирус табылды. COVID-19 дертінен 113 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 867-і (симптомы жоқтарды қоса есептегенде) — Ақтөбе облысында. Бұл аймақта ресми дерек бойынша бір адам коронавирустан көз жұмған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42