Ұлыбритания: Редингтегі шабуылдан үш адам қаза болды

22.06.2020, 03:00

4

20 маусымда кешке Лондон батысындағы Рединг қаласында саябақта болған шабуылдан үш адам қаза болды, үш адам жарақаттанды. Бұл туралы британ ақпарат құралдары хабарлады.

BBC сайтының жазуынша, оқиға орнына терроризммен күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері барған. Бастапқыда полиция оқиғаны террор ретінде қарастырып отырмағанын мәлімдеген еді. Кейінірек «террористік шабуыл» ретінде зерттеліп жатқаны белгілі болды.

Полиция оқиға орнында 25 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алған. Ол адам өлтіру фактісі бойынша күдікке ілінген.

Reuters агенттігінің жазуынша, жергілікті басқарма адам өлімі бар дегенмен қаза болғандардың нақты санын айтпаған. Темз-Вэлли округының полициясы күдікті туралы ақпарат бермеген. Ал BBC, Telegraph, Sky News үш адамның қаза болғанын жазды.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон «адам шошырлық оқиғадан» зардап шеккендермен бірге екенін айтты. Премьер-министр Twitter-де жедел әрекет ету қызметінің мамандарына да алғыс айтты. Ішкі істер министрі Прити Пател Редингте болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

Шабуыл болған саябақта 20 маусымда Black Lives Matter акциясы өткен, алайда кейбір Twitter қолданушылары наразылық акциясының оқиғаға дейін бірнеше сағат бұрын аяқталғанын айтқан.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39