Ақтөбе облысында пневмониядан қайтыс болғандар 16 адамға жетті. Ауырып жатқан дәрігер көп

22.06.2020, 03:00

4

Ақтөбе облысында жедел пневмониядан қайтыс болғандар саны 16 адамға жетті. Бұл туралы 21 маусым күнгі онлайн-брифинг кезінде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова айтты.

Бсқарма жетекшісі облыстағы ахуал туралы «Қазір қатты қиналып отырмыз. Жағдай аh ұрардай ауыр» деді.

— Өткен тәулікте жедел жәрдемге 2 274 адам хабарласып, көмек сұраған. Жедел жәрдемге де оңай емес. Қызметкерлерінің 34 пайызы ауырып қалды. Індет жұқтырғандар дәрігерлер арасында да көп. Пневмонияның бұл түрі тез асқынып, екі күн аралығында өкпені зақымдайды. Кей жағдайларда пациентке өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты да көмектеспейді, — деді Есенаманова.

Денсаулық сақтау басқармасы 20 маусымнан бері хал үстінде жатқандарды облыстық аурухана базасында емдей бастаған. Ақтөбедегі облыстық аурухана ғимараты жаңа әрі салыстырмалы түрже жақсы жабдықталған. Жағдайы орташа науқастар теміржол ауруханасына жіберіледі. Өзгелері емханалар жанындағы күндізгі стационарларда емделеді.

Светлана Есенаманова «пневмонияға қатысты ахуал тағы нашарласа «Б жоспары» дайын» деп отыр. Бұл жоспарға сәйкес, беті бері қарай бастаған науқастар қаладан аудан ауруханаларына ауысады. Олардың орнына ауыр науқастар қабылданады.

Шенеунік 21 маусым күнгі онлайн брифингі кезінде пневмония жұқтырғандардың нақты санын айтпады. Осыдан екі күн бұрын «маусым басталғалы облыстың 650-ден астам тұрғыны жедел пневмонияға шалдықты» деген болатын. Жұма күні Ақтөбеде пневмониядан қайтыс болғандар саны 8 адам еді. Жексенбіде қайтыс болғандар саны екі есе көбейіп, 16 адамға жеткен.

Ақтөбелік дәрігерлер жедел пневмония мен COVID індетін қатты ұқсатады. Екеуі де жылдам асқынып, өкпені зақымдайды.

21 маусым күнгі онлайн брифингі кезінде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Светлана Есенаманова «Бұл пневмония — COVID індетінің жаңа формасы болуы мүмкін» деп мәлімдеді.

Ақтөбе облысында COVID тарай бастағалы бері індетті жұқтырған 4 адам қайтыс болды. Ресми дерек бойынша, марқұмдардың біреуі ғана COVID –тен өлген. Өзге үшеуінің өліміне ілеспе диагноздары себеп болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39