Атырауда COVID-19 жұқтырған адам "жүрек ауруынан" қайтыс болды

22.06.2020, 02:59

4

Атырау қаласында коронавирус инфекциясы жұққан 81 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жергілікті «Ақжайық» басылымының жазуынша, облыста коронавируспен байланысты осымен тоғызыншы науқас қайтыс болып отыр.

Облыстық басқарманың мәліметінше, 1939 жылы туған ер адам 11 маусымда провизорлық стационарға жеткізілген. Ер адамда дене қызуы, әлсіздік, тершеңдік, құрғақ жөтел, тәбеттің төмендеуі сияқты ауру белгілері байқалған. Стационарға жатқызылған кезде ер адамның жағдайы орташа ауыр болған. Зейнеткер коронавирус тестінен өткен кезде нәтижесі оң болып шыққан.

20 маусымда науқастың жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтаған. Реанимациялық шаралардан нәтиже болмаған. Басқарма өкілдері науқастың өліміне «тыныс алу және жүрек жетіспеушілігі» себеп болды дейді.

Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысында үш адам коронавирустан қайтыс болған.

Елде коронавирус жұққан қайтыс болған ондаған адамның өлімі ресми есепке енгізілген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі олардың өліміне "ілеспе ауру" себеп болды деп айтқан. 18 маусымда денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне кірмеген 54 өлім тіркелгенін айтқан. Оның айтуынша, бұл науқастар коронавирус жұқтырғанмен «инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар секілді өзге негізгі дерттерден қайтыс болған».

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда бір аптада 45 адам көз жұмған. Үш айдан астам уақыт ішінде 118 адам коронавирустан қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39