Мәртебесі биік еңбекқор, талапшыл – әкім

22.06.2020, 12:06

4

Қазіргідей дағдарыс кезінде жергілікті атқарушы биліксаласында еңбекққор, талапшыл әкімдердің бола білгені ләзім. Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ мырза осындай әкімдердің сапында тұр.

Еңбекші қазақ ауданына әкім болып келгелі талай істіңбасы-қасында жүрген әкім мырза қазірде  халық арасында «талапшыл, еңбекқор әкім» атанып кеткен.

Қазіргі уақытта жұмыссыздықтың алдын-алу басты назардатұрған мәселе. Осыған орай ілкімді істерді атқару – мемлекеттің ерекшеназарында.

Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» шеңберіндеАлматы облысына 109,2 млрд теңге бөлінгенін, нәтижесінде 977 инфрақұрылымдықжобалар іске асатынын аймақтық БАҚ  жарыса жазуда. Бұл біріншіден, жаңаруға бастаса, екіншіден,жұмыссыздықтың алдын алуға жарқын жол ашты. Себебі, жобаны ұтып алған мердігержұмыскерлерінің кем дегенде 50 пайызына сол құрылыс жүргізілетін өңірдіңтұрғындарын тартуы тиіс. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінесүйенсек, Еңбекшіқазақ ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы»аясында 106 нысан салынады және жөнделеді. Бұл мақсатта  11 513359 000 теңге бөлінді. 3152 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 1576 жұмыспенқамту орталығы жұмыс жасайды. Аяқталғаннан кейін 250 тұрақты жұмыс орны пайдаболмақ.

Мысалы, осы жоба аясында Есік қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы біріншікезекте тұр.  Келісім бойынша Құрылыссомасы — 4 500 000 000 теңгені құрайды. Жұмыс орындарының саны 1253 адамдықұрамақ.

Бұған қоса аудандағы Әймен орта мектебін жөндеудежоспарда тұр. 

Келісімбойынша жоба құрылысы — 433 208 700 теңгені құрайды.  Мұндағы жұмыс орындарының саны 250 адам, оныңішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 125 адам жұмысқа тұрмақ.  Биыл аудандағы Ораз Жандосов атындағы ортамектеп те жөндеуден өткізілмек.  Мұндағықұрылыс құны келісім бойынша сома — 63 087 000 теңге. Жұмыс орындарының саны 18адам

оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 9 адамжұмыспен қамтылмақ. Аудандағы 42 мектептің ішкі дәретханаларына да жөндеужұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Бұл жұмыстың құны келісім бойынша сома — 172408 000 теңгені құрайды. Жалпы, жұмыс орындарының саны 84 адам, оның ішіндежұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адам жұмыспен қамтылмақ. Есік қаласындағыаудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу де биыл жүзеге асырылады. Бұл құрылыстыңжалпы сомасы  565 869 700 теңгеніқұрайды. Құрылыс жұмысына жалпы саны 166 адам тартылмақ, оның ішінде жұмыспенқамту орталығы арқылы 83 адам құрылысқа тартылады. Сондай-ақ аудандағы Шелек политехникалықколледжін жөндеуге 984 117 000 тенге қарастырылып отыр.

Бұған қоса Есік қаласында және 34 ауылда және  ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарынжүргізу де жоспарда бар. Құрылыстың құны келісім бойынша сома — 406 029 000теңге.

Жалпы, тізе берсек, Еңбекші қазақ ауданында игі істердіңатқарылып жатқанының куәсі боламыз.

Еңбекшіқазақ ауданының табиғатыбай, тарихы терең. Бұл өлкенің әрбір атырабы сан алуан заманнан сыр шертеді.Есіктен табылған «Алтын Адам» әлемге әйгіленді. «Қараш-қараш» ұлы МұхтарӘуезовтің шығармасына арқау болды. Түргені бау-бақшаға тұнып тұр. Есік көлімөлдіреген сұлулығымен көз тартады. Тау қойнауларындағы таңбалы тастаржұмбақтарымен толғандырады. Жер көлемі мен ел көлемі жағынан ірі аймақ та осы.Бұл өңірге көшіп келушілердің саны азайған емес. Экономика дамуының бірсебебін осы тұстан іздесек, ол да шындық. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіпотырған ірі өндіріс ошақтары да аудан үлесінде. Руханият пен мәдениеттегіжағымды жаңалықтар бір-біріне сабақтасып жатады.

 Ауданда кәсіпкерлікпен айналысып жатқандардың дені жас отбасылар.Олар қазіргі нарықтық қатынасты және нарық заңын жете түсінуде. Бәсекегеқабілетті болғанда ғана жұмыстарының табысты болатынына көздері жетті. Қазірөңірлерде орналасқан мейрамханалар, дүкендер, басқа да халыққа қызметкөрсететін орындар бір-бірінен асып түсетін дәрежеде. Сыртқы келбеттері көзтартады. Ішіндегі қызмет сапасы да соған сай. Кәсіпкерлер бәсекелестікәдістерін сұранысқа сай жетілдіре бастаған. Еңбектерінің арқасында тұрмыстарытүзеліп, ауқатты отбасыларға айналуда.

Аудандағы игі бастаманың тағы бірі – «Елдігазбен қамтамасыз етуді жалғастыру» еді. Есік қаласы мен Шелек ауылына алғашрет газ тартылып жұртшылық қуанышқа бөленді. Өңірге көгілдір отынның келуіжылыжайлар мен ауылшаруашылық өнімін өңдеу кәсіпорындарының көптеп ашылуынасептігін тигізетіні анық.

Міне, осы істердің басы-қасында жүрген Еңбекші қазақауданы әкіміне бүгінде халық дән риза. Қазірде Бинәлі Ысқақ мырза 63 жасты еңсеріп отыр. Біз де өз кезегіміздеалпыстан асса да аттан түспей ел ісіне белсене араласып жүрген еңбекққорәкімге сәттілік тілейміз!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04