Путин: "Совет Одағы республикалары Ресей жерін ірі көлемде иемденді”

22.06.2020, 10:37

47

Ресей президенті Владимир Путин жексенбі 21 маусым күні “Россия 1” телеарнасынан жарық көрген бағдарламада Совет Одағы құрылғанда оның құрамына кірген республикалар “Ресей жерін ірі көлемде иемденді” деді.

“Совет Одағын құру туралы келісімде шығу құқығы жазылған. Бірақ [шығудың] тәртібі жазылмағандықтан, бір сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Совет Одағына кіріп, бірақ өз қоржынына Ресей жерінің, дәстүрлі-тарихи территориясының ірі көлемін алып, одақ құрамынан шығамын деп шешті. Олай болса, немен келдің, сонымен шығуың керек қой, Ресей халқының сыйлығын өзімен бірге әкетпей. Осының бәрі жазылмаған еді. Мен қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізудің дұрыс екеніне әбден сенімдімін” деді Ресей президенті “Мәскеу. Путин. Кремль” бағдарламасында.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Путин нақты қай республиканы немесе қандай территорияны меңзегенін айтпады. Бірақ әлеуметтік желілердің Қазақстан сегментінде Ресей президентінің бұл сөзі алаң тудырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42