АҚШ пен Ресей Венада ядролық қару келісімін жаңартуды талқылайды

22.06.2020, 19:00

24

Бүгін, 22 маусым күні АҚШ пен Ресей делегаттары Вена қаласында кездесіп, екі ел арасындағы Ядролық стратегиялық шабуыл қаруларын одан ары қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы келісімді (СНВ-3) ұзартуды талқылайды. Кездесу екі күнге созылады.

АҚШ өткен аптада қарулануды бақылау жөніндегі арнайы өкілі Маршалл Биллингслидің Австрияға сапарлап, Ресей сыртқы істер вице-министрі Сергей Рябковпен кездесетінін хабарлаған болатын.

Ресей СНВ-3 келісімін ұзартуға шақырған. Келісімге сәйкес, Ресей мен АҚШ ядролық арсеналын 1550 оқтұмсықтан асырмауы тиіс. Бұл ядролық қаруды бақылау жөніндегі екі ел арасындағы соңғы келісім. Келісімнің күші 2021 жылдың ақпанында аяқталады.

20 маусым күні Рябков “Интерфакс” агенттігіне Ресейдің келісімді ұзартудың қажетін көрсететін дәйегі таусылды деп айтқан болатын.

«Біз Америкалықтарға ұзартудың не себепті дұрыс екенін сан мәрте түсіндірдік… Сірә бұл мүмкіндікті өз ұстанымымызды білдіру үшін де пайдаланамыз” деді ол “Интерфаксқа”.

АҚШ келісімге Қытайдың қосылғанын қалайды. Мемлекеттік департамент келісімді ұзарту жөніндегі талқыға Қытайдың да шақырылғанын мәлімдеді.

Қытай талқылауға қатысудан бірнеше рет бас тартты. Қытай ядролық арсеналын күшейтіп жатқанымен, оның жалпы ауқымы АҚШ пен Ресейдікінен әлдеқайда төмен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57