Лукашенконың президент сайлауындағы бәсекелесінің ұлы тұтқындалды

22.06.2020, 19:00

24

Минскіде Беларусь президенттігіне үміткер Виктор Бабариконың ұлы қамауға алынды. Ол қазіргі президент Александр Лукашенконың сайлаудағы бас бәсекелесі саналады. Эдуард Бабариков те, оның әкесі де изоляторда қамалып жатыр. Билік істің мән-жайын жарияламай отыр. Бабариконың адвокаты да ешқандай мәлімет таратпай отыр деген хабар бар. Адвокат мұны ақпаратты таратпау туралы құжатқа қол қоюымен түсіндірген.

Президенттікке үміткер Виктор Бабариконың өзі 18 маусымда қамалған болатын. Беларусь мемлекеттік бақылау комитеті оның “заңсыз әрекет” жасағанын айтты. Бірақ қандай әрекет екенін нақтыламады. Одан бір апта бұрын Бабарико басқарған “Белгазпромбанктің” 15 бұрынғы және қазіргі қызметкері қамауға алынған болатын. Лукашенко мұны Беларусьтегі “Майданның” алдын алу шарасы деп түсіндірді.

Виктор Бабарико қамалған соң, Беларусьте мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Сенбі күні полиция наразылық акциясына қатысқан 270 адамды ұстап әкетті.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызға белгіленген. Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко алтыншы мерзімге сайланбақ.

Көре отырыңыз: Лукашенко тақты бергісі келмейді. Бақталастарын қамап жатыр

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05