Қастер мен Мұрагер түрмеден шықты: ары қарай не болады?

22.06.2020, 20:32

3

Қытай коммунистік партиясының мұсылман халықтарынажасалған қиянатынан қашып келген Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер ӘлімұлыСемейдегі колонияда жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Адвокат ЛәззатАхатовамен телефон арқылы байланыс жасап, Қастер Мұсаханұлы мен МұрагерӘлімұлының жағдайынан біршама мағлұмат алдық.

Ләззат Ахатова: — Бізекі жігітті колониядан таңғы сағат 7 шамасында әкеттік. Содан тоқтамастан,Павлодар қаласына жеттік. Әрі қарай Нұр-Сұлтан қаласына барамыз. Қастер менМұрагер Қояндыда әпкесі Нұргүлдің үйінде тұрып, сол жерде жұмысқа орналасатынболды.

Жас алаш: Қастермен Мұрагердің тағдыры әрі қарай қалай болады? Босқын мәртебесін алады ма?Әлде, Қытайға кері қайтара ма?

Ләззат Ахатова: — Ақмола облысына жеткесін, біз күшімізді ең алдымен осы екі азаматтың босқынмәртебесін алуына, одан соң Қазақстан азаматтығын алуына жұмсаймыз. Зайсанаудандық сотының шешімінде «Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қытайғақайтарылмасын» деп анық жазылған. Сондықтан, үкімет те қос азаматты керіқайтармайды деп үміттенеміз. Егер, босқын мәртебесі берілмесе, одан әріхалықаралық ұйымдарға шағымданамыз. Бірақ билік өкілдері ондай шиеленіскебармайды деп сенеміз.

Жас алаш: — Екі жігіттің Қытайда қалған бала-шағасы,әке-шешесінің жағдайы қалай болмақ?

Ләззат Ахатова: — Әлгіндеайттым ғой, алдымен босқын мәртебесін алайық. Одан соң азаматтықты алайық. Әріқарай заң аясында Қастер мен Мұрагердің жақын туыстарын Қазақстанға көшіріпәкелу туралы мәселені көтереміз. Халықаралық заңдар мен Конвенциялар бойынша,туыстарды ажыратуға болмайды. Бұл туралы сол уақытта сөз етейік.

Жас алаш: — Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп ШығысТүркістандағы мұсылман қауымын қуғын-сүргінге ұшыратқан мемлекеттікқызметкерлерге санкция салуды қарастыратын заңға қол қойды. Бәлкім, Қастер менМұрагерді кері қайтармауға, өзімізде қалдырып, азаматтық беруге бұл заңның даықпалы болатын шығар?

Ләззат Ахатова: — Әрине,ол заңның ықпалы болары сөзсіз. Өйткені, сол заңға сәйкес амеркалық арнайықызмет пен мемлекеттік департамент Конгресске Қытайдағы мұсылмандардың жағдайыжайында үнемі хабарлап тұрады. Ал президент болса, 120 күнде Магнитский заңыбойынша мұсылмандарды қудалап, азаптаған Қытай шенеуніктерінің аты-жөнінұсынып, санкция салуға жібереді. Қазірдің өзінде сол заңда Шыңжандағы компартияжетекшісі, Қытай ҚКП Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Чен Квангуоныңаты-жөні енгізілген.

Қастер мен Мұрагерді кері қайтару туралы мәселе көтеруге енді Қытай шенеуніктерініңтәуекелі жете қоймас деп ойлаймын.   

Жас алаш: — Лайым солай болсын! Әңгімеңізге көп рақмет!

Естеріңізге сала кетсек, екі азамат Қазақстанға 2019жылдың қазан айында жансауғалап, шекара бұзып келген еді. Шығыс Қазақстаноблысы Зайсан аудандық соты оларға «мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өтті»деген айыппен әрқайсысына 25 мың 250 теңгеден айыппұл салып, бір жылға басбостандықтарынан айырды. Сот Қастер мен Мұрагердің тергеу изоляторында отырғанәр күні 2 күнге есептеліп, қамау мерзімі 5 ай 24 күн болатынын түсіндірді. Еңбастысы, сот шешімінде «екі азамат Қытайға қайтарылмайды» деп шегеленіпжазылған еді. Енді екі азамат Семейдегі колонияда жазаларын өтеп шықты.

Тоқтар Жақаш

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58