Сот Әлнұр Ильяшевтің бас бостандығын 3 жылға шектеді

22.06.2020, 14:47

32

Бүгін, 22 маусым күні Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Залина Махарадзе азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевтің бас бостандығынан үш жылға шектеу туралы үкім шығарды. Ильяшевтың адвокаты Нұрлан Рахманов апелляцияға беруге негіз барын айтады.

– Ең өкініштісі, судья Ильяшевтың қоғамдық-саяси іске араласуына бес жылға тыйым салды. Яғни үш жыл бас бостандығын шектеу мерзімі аяқталған соң, тағы бес жыл, барлығы сегіз жыл қоғамдық-саяси істерге араласа алмайды, – деді Рахманов Азаттыққа.

Сот Әлнұр Ильяшевты сот залынан босатуды үкім етті. Сот онлайн өткендіктен, белсенді тергеу изоляторынан қатысқан. Сондықтан қазір адвокаты мен жақтастары белсендіні күтіп алу үшін изоляторға бара жатқанын хабарлады.

Үш айдан бері қамауда отырған алматылық белсенді Әлнұр Ильяшевты «төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату» айыпталған болатын. Карантинге байланысты онлайн режимде өтіп жатқан процесс кезінде белсенді мен адвокаттары «видеобайланыстың сапасы нашар екенін», судьяның, прокурордың, бір-бірінің дауысын естімейтінін айтып шағымданды. Ал Ильяшевтың өзі соттың залда ашық өтуін талап етіп, қажет болса карантин аяқталғанға шейін изоляторда отыруға дайын екенін мәлімдеген.

Әлнұр Ильяшев әлеуметтік мәселелер, адам құқығы мен бейбіт жиын еркіндігі тақырыбында өткен қоғамдық шараларға қатысуымен және қалалық әкімдікке қарсы берген арызымен танымал. Ол қала билігіне бейбіт митинг өткізуге 35 рет өтініш беріп, бір де бір рет рұқсат ала алмаған. Осыдан кейін ол әкімдікті сотқа беріп, жеңіліп қалған. Кейінірек оған митинг өткізуге рұқсат берген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04