Сот "Нұр Отанды" сынап жүрген белсенді Әлнұр Ильяшевтің бас бостандығын 3 жылға шектеді

22.06.2020, 19:00

43

Бүгін, 22 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Залина Махарадзе белсенді Әлнұр Ильяшевті «төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деп айыптап, бас бостандығын үш жылға шектеу туралы үкім шығарды. Белсендінің сотқа тартылуына биліктегі «Нұр Отан» партиясы туралы сыни жазбасы түрткі болған.

Ильяшевтың адвокаты Нұрлан Рахманов апелляцияға беруге негіз барын айтады.

– Ең өкініштісі, судья Ильяшевтың қоғамдық-саяси іске араласуына бес жылға тыйым салды. Яғни үш жыл бас бостандығын шектеу мерзімі аяқталған соң, тағы бес жыл, барлығы сегіз жыл қоғамдық-саяси істерге араласа алмайды, – деді Рахманов Азаттыққа.

Сот Әлнұр Ильяшевты сот залынан босатуды үкім етті. Сот онлайн өткендіктен, белсенді тергеу изоляторынан қатысқан. Сондықтан қазір адвокаты мен жақтастары белсендіні күтіп алу үшін изоляторға бара жатқанын хабарлады.

Үш айдан бері қамауда отырған алматылық белсенді Әлнұр Ильяшевті «төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату» айыпталған еді. Коронавирус кезіндегі карантинге байланысты онлайн режимде өтіп жатқан процесс кезінде белсенді мен адвокаттары «видеобайланыстың сапасы нашар екенін», судьяның, прокурордың, бір-бірінің дауысын естімейтінін айтып шағымданды. Ал Ильяшевтың өзі соттың залда ашық өтуін талап етіп, қажет болса карантин аяқталғанға дейін изоляторда отыруға дайын екенін мәлімдеген.

Әлнұр Ильяшев әлеуметтік мәселелер, адам құқығы мен бейбіт жиын еркіндігі тақырыбында өткен қоғамдық шараларға қатысуымен және қалалық әкімдікке қарсы берген арызымен танымал. Ол қала билігіне бейбіт митинг өткізуге 35 рет өтініш беріп, 35 рет рұқсат ала алмаған. Осыдан кейін ол митингіге рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа шағымданып, жеңіліп қалған. Кейінірек оған митинг өткізуге рұқсат берген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11