Жұрт көшеге шығудан қорқып отыр

23.06.2020, 11:56

6

Түркістандабелгісіз  дерт  жұрттың үрейін ұшыруда

Түркістанда осыданбір ай бұрын ғана жұртшылық  әкімдіктің«үйден шықпаңыз», «сақтық шараларын ұстаныңыз» деген ескертулерін елемей, тіптікейбірі коронавирусты қолдан жасалған ауру екенін айтушы еді. Жағдай күрт өзгерді. Қазір Түркістандаәкімдіктегілер «COVID-19 індетіне қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты» деуденжалықпаса, қара халық адамдардың жаппай     коронавирустан қайтыс болып  жатқанынайтып дабыл қағуда.

Бұған соңғы тәуліктерде тұрғындардың жаппай өкпе дертіненқайтыс болғаны жөніндегі әңгімелер әсер етіп отыр. Оны негізсіз деуге деболмайтын сияқты. «Жас Алаштың» облыстағы қосынына осы дертті бүкіл отбасыменжұқтырған, аурумен алысқан азамат хабарласты. Оның айтуынша, облыс орталығындааурудан бірнеше адам қайтыс болған. Тіпті оқырманымыз марқұмдардың жаназасынақатысқанын да алға тартты.

 – Ауру алдымен менен басталды. Арқамның бәрішаншып, жөтел қысты, аяқ-қолым қақсады. Аздап ыстығым көтерілді. Ауа жетпейөкпем қысылды. Дәрігер болып істейтін таныс азаматтарға хабарласқанымда,олар қалада тұрғындардың жаппай пневмониямен ауырып жатқанын, ауруханаға текауыр халдегілер ғана жатқызылатынын, қалғандарының үйінде ем қабылдайтынынескертті. Ақ халаттылардан ешқандай көмек болмасын түсінген соң,өз бетімше ем қабылдауға көштім. Антибиотик алып салдырттым. Оранып жатып терлеп, құнарлы тамақ іштім.  Осыдан кейін барып жағдайым бері қарайбастады.

Менен кейінкеліншегім ауырды. Оның ыстығы қатты көтеріліп, екі күн бойытүспеді. Ол да уколдың арқасында аман қалды. Одан кейін ауру төрт баламдыайналдырды. WharsApp желісі арқылы таратылған видеоларға қарап отырып, балаларымныңөкпесі мен тамағын содамен қайнатылған сумен булап жатырмыз. Олардың да жағдайыдұрыстала бастаған сияқты.

Есесіне досым осыдерттен өліп кетті. Алдымен анасы қайтыс болды. Анасының бұрыннан денсаулығыжоқ, қант диабетімен ауыратын. Ауруханаға түсіп, ұзамай қайтыс болды. Жаназакезінде досымныңқатты ауырыптұрғанын байқадым. «Бұлай жүре беруге болмайды, ем қабылда» деп ақыл-кеңесбердік. Ұзамай ауруханаға түсті. Түркістандағы ауруханаларда орын болмағандықтан,Созақ ауданы Таукент елді мекеніндегі емдеу мекемесіне жіберілді.Сол жақтан мәйіті шықты ғой. Осы аралықта оның үйге келіп-кетіп жүргеннағашысының қайтыс болғанын естідік. Енді марқұм досымның қарындасы ауырып  жатыр. Біз жақтағы бір үйде атасы, артыншакеліні осы дерттен қайтыс болды.

Түркістандажаназа көбейіп кетті. Қазір жұрт үйден шығуға қорқып қалды. Балмұздақ жемейді,салқын су ішпейді, кондиционер қоспайтын болған. Тіпті көршілер бірнеше күнненбері бір-бірімізбен қатыспаймыз. Көпшіліктің арасында марқұмдардың коронавирустанөлгені туралы әңгіме өршіп тұр, – деді бізгехабарласқан Самат есімді азамат.

Алайда қалалықәкімдік мұны жоққа шығаруда. «Қазіргі таңдаТүркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмеккеазаматтар көп жүгінуде. Науқастардадене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалады. Медициналық тексерунәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталуда.⠀Ауруханағатүскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдамаанықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдайды. Теріс нәтижесішыққандар аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда», – делінген Түркістан қалалық әкімдігінің таратқанмәліметінде. Алайда коронавирусқа қатысты әңгімелер бәрібір тыйылмай тұр.

«Ковид індетініңсимптомдары басқа жұқпалы тыныс жолдары ауруларына ұқсайды. Сондықтан Ковидіндеті тек арнайы тест тапсыру арқылы ғана расталады немесе жоққа шығарылады.Басқа жолы, амалы әлем бойынша жоқ. Кейбір азаматтарда ұқсас симптомдары болатұра,Ковид жоқ екені анықталып жатыр. Кейбірінде симптомы болмаса да,вирусқа шалдыққаны расталуда. Індеттің ең басты қауіптерінің бірі осында және мұндайжағдай барлық елде орын алып отыр. Иә, тыныс жолдары ауруына шағымданып жатқанадамдар бар. Бірақ бұл барлығы дерлік Ковид індетіне шалдыққан деген сөз емес.Пневмония ауруына шалдыққандар көп. Қалалық ауруханаларда орын жетіспеушілігісалдарынан аудандық ауруханаларға жіберіліп жатыр. Осыған байланысты қалааумағында уақытша орындар ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нақтыланған ресмиақпарат бойынша,осы күнге дейін Түркістан қаласында індетке шалдыққан тұрғындар саны – 129,оның ішінде 62 азамат айығып, үйлеріне қайтқан. Карантин кезінде орындалуы тиісшарттар мемлекет деңгейінде төмендетілген еді. Оларды қатаңдастыруға қала әкімдігініңқұзыреті жетпейді», – депжазыпты Facebook-тегіпарақшасында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов. 

Қалалықәкімдіктің жауапты мамандары да, қаланың әкімі де пневмониядан адамдардың қайтысболғаны туралы ешқандай мәлімет таратқан жоқ. Сонда кімге сенеміз? Қарапайымтұрғындарға ма,әлде  қаланың атқамінерлеріне ме?

  БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ,

 Түркістаноблысы 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27