Ебін тапсаң, табиғаттың өзі тәуіп

23.06.2020, 12:26

20

Өткен ғасырда қазақ пен жапонхалықтарын  қынадай қырған ядролықсынақтың  зардабынан бір мысқал да кемемес  коронавирус   баршаадамзат баласына наласын арқалатып тұр. Жұрт  жапатармағай   жан сақтаудың амалын жасап бағуда. Біреулер медициналықталаптарға сай әдіске сүйеніп сақтанса, кейбіреулер  жүйесіз амалмен қорғанып,  сау денені сырқатқа шалдықтыруда. Ақыл алтау,ой жетеу болып тұрған халықты  өзбілгенімен  елітетіндер ел ішіндекөбейді.  Абзалы, ағзаның қауіпті вирусқақарсы қорғаныс күшін қалай нығайтуға болады? Бұл орайда, бабаларымыз қолданған  дәрілік шөптермен  емделудің еш қаупі жоқ. Төл табиғатымыздың  бойға қуат, дертке дауа дарытатын  өсімдіктерінің ғылыми әдісін меңгерген, Қытайданкелген қандасымыз  Айнұр Керілханның кеңесі  кәдеңізге жарап, біліміңізді толықтыратынынакәміл сенеміз.

    Бабалар дәстүрін берік ұстанған АйнұрКерілханның бойында  қанмен  дарыған емшілік қасиет болғанымен, елдіқабылдап ем-дом жасамайды, төңірегіндегілерге зергерлік өнерімен танымал. Шығыс пен дәстүрлі  халық медицинасының  сырына қанығып, молбілім жинақтаған.  Жақындарының басы ауырып,балтыры сыздаса, суық тиіп сырқаттанса, табиғи жолмен дайындаған  дәрілері үнемі қажетін ашады. Көбіне мекендепотырған  Қарқаралы өңірінде өсетіндәрілік шөптерді қолданады. Күздің қара суығы мен  жаздың салқын самалында  туындайтын кеселден қорғану үшін де  емдік шөптерден әзірленген дәрілерді тұтынады.Әйткенмен қамданған қапы қалмасы анық.

ҚЫМЫЗ – ЕМ, БІРАҚ САҚТЫҚПЕН ҚАБЫЛДАМАСАҢ – САН СОҒАСЫҢ

    Сақтық демекші, осы күніқалалықтардың   қымызды жаппай сатып алуы белең алды. Қымыз қырық ауруға ем. Оның  өкпеге дарытатын шипасы барын жоққа шығаруғаболмайды. «Алайда оны аса сақтықпен қабылдаған жөн», – дейді  қамбар ата тұқымынан алынатын сүттің құнарын  қанық білетін Айнұр. Оның мәлімдеуінше, осынау сусынның  дайындалған  мерзіміне баса назар аударған абзал. Жаңасауылып, күбіде  пісіліп, бір түн тұрып иініқанған қымыздың адам ағзасына дарытатын емі күшті.  Ащы шөпті ұзақ қайнатса уға айналатыны секілдіқымыздың  дайындалған мезгілі  2-3 күннен әрі  ұзаса, уытты зардабы болады. Мұндай сусынұлтабар мен ішектегі сырқаттарды қоздырады. Қымызды қалай  тұтынған жөн? Оны ішудің талабын көбімізелеп-ескермейміз. Ертеде ата-бабаларымыз қымызды құнарлы тамақтармен  ауқаттанғаннан кейін ішкен. Қымызды дұрыстұтынудың басты  талабы осында. Ет пенсорпаны сирек жейтін қала тұрғындары жоғарыдағы қағидаларды жадыларында түйіпжүрсе, бие сүтінен  ем табарына  дау жоқ.

ТӨРІНЕ ТАРТПАС БҰРЫН, ТЕГІН БІЛ

     Қара базарға барған  жұрт қазір  адыраспан іздеп сабылуда. Халық оңтүстіктеөсетін осынау шөптің қадірін енді  ерекшесезгендей. Оның  жұқпалы індетті жоятынқасиеті жайында ақпаратқа  құлағымызқанық әрі ғаламтордан жаңа мәліметтер жинап, білімімізді  толықтырған соң, әр базарды адақтап шыққанкезіміз  болғанын жоққа шығармаймыз. Дейтұрғанмен ештен кеш жақсы. Сөйтсек, қураған шөптің орнын саябақта жайқалыптұрған кәдімгі  арша ағашы басады екен. Көркікөз тойдырар, иісі жағымды аршаның  біртал бұтағын  жағып, оның  түтінімен шаңырағыңызды аластап шықсаңыз, үйіңізгеенген вирустан бүтіндей  құтыласыз. Түтін  иісінен жиіркенсеңіз, сабағын  ашық жерге қойып, сарғайғанша сақтап  немесе төріңізге іліп қойсаңыз, ауаға  тараған бактерияларды жояды.

     Табиғаттың тылсым күшін  оқи білетін Айнұр Керілханның айтуынша, арша –найзағайдың отына шағылмайтын өсімдіктердің бірі.  Адыраспан жер талғамайды, тіпті жан-жануарларбасып-жаншып өткен жерде де өсе береді. Арша ағашының адыраспаннан ерекшелігі –топырағы құнарлы  болады әрі таза жердеөседі. Ол  тамырын тереңге салатындықтан,күнге күйіп, бұтағы қурамайды,  үнеміжасыл рең жамылып жайнап тұрады. Ол сонысымен асыл әрі  текті. Тәңірдің мейіріміне бөленген аршаныңсуы  терідегі қотырлар мен жараларғатаптырмайтын ем. Айнұрдың аршадан дайындайтын емдік  тұнбасын кез келген адам әзірлей алады. Олүшін 1 литр суға  аршаның бір сабағынсалып, бір бүлк етіп қайнатсаңыз жеткілікті. Әлгі қайнатпаны  терідегі қотырға жақса, сондай-ақ жуынар  алдында ваннаға құйылған суға қосып шомылса,денедегі жара кетеді. Терінің жасушалары ашылады. Дәріханадан арагідік «Оксалин»майын таппай қаламыз. Мұндайда  аршаныңсабағын қайнатқан  сумен  сақтануға болады Мына кеңесті жадыңызға түйіпалсаңыз болады. Осы қайнатпамен мұрын мен тамақты шайса, сол мүшелерде жиналғанауру қоздырғыш тіндер жойылады. Сақтық үшін осы амалдарды жасасаңыз саужүресіз.  Адамдарды  айналасына  үйіртетін аршаның адам баласына тілсіз  тәуіп екенін енді ұққандаймыз.

ЖАНАРДЫҢ КҮШІ – ЖАЛБЫЗДА

     Пандемия басталғаннан бері елдіңинтернет пен смартфонға жүгінуі бұрынғыдан да ұлғайды. Күн ұзаққа үйге қамалған жұрт ертелі-кеш компьютер мен планшетке жіпсіз байланды. Әлбетте, жасанды нәрсенің түбінде жасырынған залал жатады. Ғалымдар мен дәрігерлеркомпьютер мен смартфонның   денсаулыққа зияны барын  ертеден ескертіп келеді.  Алайда күнкөріс көзіне айналған осынаутехникалардан көпшілік арасында  «көздіңқұрғауы» синдромы көбеюде. Ресми медицина келмей тұрғанда қазақ  көздегі осы кеселді қалай емдеп, алдын алған?  

    Бұл орайда, халқымыздың көнеемінен хабардар Айнұр апайдың  айтары бар. Жанарыңыздың жағдайын жалбыз жақсартады.Дәрілік өсімдіктерді іздеу үшін жағрафиялық өсу аймақтарын білу керек. Иісіжағымды жалбыз  таулы аймақтардантабылады. Оңтүстік өңірде Алматының, Орталық Қазақстанда Баянауыл мен Қарқаралытауының  бауырындағы бұлақтардыңжағасында өседі. Көздің құрғау синдромы бар адамдар жалбыздың жапырағын бетке15-20 минут төсеп, ем жасаса болады. Ендігі бір тәсілі – жапырағының  қайнатпасына орамалды сулап, ыстық күйінде суығанша бетте  ұстау қажет. Осы әдісті  бірнеше күн қолдануға болады.  Жалбыз шайын ертеде әжелеріміз теріні ылғалдандыруүшін пайдаланған. Ел аузында  «жалбызшайыры» деп аталып  кеткен сусынды  суық тиіп ауырғанда  қолданса, дімкәс кісі кеселінен айығады.

    Жат елде өскен өрісі биік, өресікең Айнұр Керілханның атажұрттың  топырағында  өсетін  дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті мен онықолданудың тәсілі жайында  жиған білімібір  кітапқа жүк. Жадына тоқыған  қымбат  қазынаны қағазға түсіріп, хаттайтынталапкер  табылса мирас етуге әзір. Себебіоның бар арманы – жауhар  жәдігер  ел мүддесіне қызмет етсе деген тілек.

 АйтбалаСҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

 Қарағанды қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39