«Nur Otan» Елбасының тапсырмасы бойынша әр облыс, қала және аудандағы көкейкесті мәселелерге талдау жасайды

23.06.2020, 10:05

40

Елбасының тапсырмасымен «Nur Otan» азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел шешуді, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы реттеуді күшейтті. Бұл туралы билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі өз парақшасында жазды. 
Оның айтуынша, ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында партияның қоғамдық қабылдаулары жыл басынан бері өңірлерде 196 мың өтінішті қабылдап, оның 96% шешімін тапқан. Бұл ретте онлайн өтініштер 6 есеге артты, оның ішінде Whatsаpp арқылы – 8, ал Facebook бен Instagram арқылы – 17 есеге өсті.
«Бүгін Ақмола облысының тұрғындарымен онлайн кездесуде Зеренді ауылының медицина қызметкерлері тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Орталық аудандық аурухананың педиатр-дәрігері Гауһар Шәріпованың айтуынша, мекеменің 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. Ауруханада мамандар тапшылығы байқалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше әкімдермен болған жиналыста медицина қызметкерлерін материалдық және моральдық қолдау қажеттігі туралы тағы да айтты. Сондықтан бұл мәселені шешу ерекше партиялық бақылауға алынды. 40 пәтерлік тұрғын үй құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, жер телімі бөлініп, бюджеттік өтінім берілді. Мәслихаттың таяудағы сессиясында біздің фракцияның қолдауымен қажетті қаражат бөлінетін болады» — деді ол.  
Сонымен қатар, тікелей эфир барысында Бауыржан Байбек көкшетаулық «Гормолзавод» кәсіпорнының бастауыш партия ұйымының мүшелерімен де тілдесіп, бастауыш партия ұйымының мүшелеріне #BizBirgemiz республикалық акциясына қызу атсалысқандары үшін алғыс айтты. Карантин кезеңінде олар Көкшетау қаласында 308 аса мұқтаж отбасыға 2,4 миллион теңгеге көмек көрсетті. Бастауыш партия ұйымының көптеген мүшесі алдағы тамыз-қыркүйекте өтетін партияішілік праймеризге қатысуды жоспарлап отыр.
Бейнеконференция байланысы арқылы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары облыстық партия активімен бірге өңірдің өзекті мәселелерін де талқылады. 
«Қазіргі кезде партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияның әрбір өңірі, қаласы мен ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаларында ескеру үшін жүйелі сипаттағы көкейкесті мәселелер жинақталып, талдау жасалып жатыр. Тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер өз шешімін табуы тиіс. Партиямыз алдағы уақытта да қоғамның сұраныстарына дер кезінде жауап беріп отыратын болады» — деп түйіндеді сөзін Бауыржан Байбек.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04