Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барды

25.06.2020, 00:34

5

23 маусымда түнде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге ұшып барды. Ол Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін әскери парадқа қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Тоқаев Қызыл алаңдағы әскерилер шеруін тамашалап, Белгісіз сарбаздың қабіріне гүл қою және салтанатты қабылдау шарасына қатысады. Уәлидің айтуынша, сапардан бұрын Тоқаев «коронавирус тестінен өткен». Оның сөзіне қарағанда президент тестен жиі өтеді. Дегенмен Уәли соңғы тестің нәтижесін хабарлаған жоқ.

Тоқаев — әскери парадқа шақыруды қабылдаған санаулы мемлекет басшыларының бірі. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, шараға жеті ел басшысы қатысады. Тоқаевтан бөлек, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары парадқа қатысуды жоспарлап отыр.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Гитлерге қарсы коалиция мүшелері — АҚШ және Ұлыбритания тарабынан әскери парадқа елшілер қатысады. АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айында шақырудан бас тартқан.

Бұған дейін Армения, Әзербайжан, Чехия басшылары елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашар екенін айтып, парадқа қатыса алмайтынын хабарлаған. Хорватия тарабы президенттің ұшағы бұзылып қалғандықтан мемлекет басшысының келе алмайтынын айтты. Түркіменстан президенті туған күніне байланысты бара алмайтынын жеткізді.

Жақында Ресей президенті Владимир Путин ресейлік телеарнаға берген сұхбатында «Совет одағын құрған кезде одаққа кірген елдер Ресейдің көп жерін алып, кейін шыққанда орыс халқының сыйлығын бірге алып кетті» деген. Бұл постсоветтік елдер оның ішінде Қазақстанда наразылық туғызды. Кейбір адамдар Тоқаевты Мәскеуге парадқа бармауға шақырды.

Оқи отырыңыз: "Қазіргі шекараларды өткен тарихпен саудалауға болмайды". Путиннің сөзі жұртты тіксінтті

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39