24.06.2020, 06:16
44
Маман коронавирус пандемиясының қашанаяқталатынын айтты
Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі,елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирус індетініңаяқталу мерзімін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.ks.
Вирусолог COVID-19 биыл қыс мезгілі мен 2021 жылдың көктемінде жойылмайдыдеп болжап отыр, алайда жұқтырудың екінші толқыны масштабты түрде болмайды.
«Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдыңкөктемде жұқтырудың өсуі жалғасуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқынсекілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын», — деді ЧжунНаньшань.
Вирусолог қажет уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жолбермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқтықысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубейпровинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын. Мамандараурудың қоздырушысы коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады, кейінірекинфекцияға ресми COVID-19 деген атау берілді. ДДҰ 11 наурызда COVID-19 пандемиясынжариялады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР