АҚШ мемлекеттік департаменті Беларусьті азаматтардың құқықтарын құрметтеуге шақырды

25.06.2020, 00:34

15

Өткен аптада президент Александр Лукашенконың басқаруына қарсы наразылық акциясы кезінде 14 журналист ұсталғаннан кейін Беларусь билігі халықаралық қауымдастық сынына ұшырады.

22 маусымда Минскідегі «ынтымақ шеруіне» қатысқан ондаған адамның соты өтті. Ұсталғандардың басым бөлігіне «рұқсат етілмеген акцияға қатысты» және «полиция өкіліне бағынбады» деген айып тағылған.

Беларусь президенттігінен үмітті тәуелсіз және оппозициялық кандидаттарды қолдау акциясынан хабар таратқан журналистер де жауапқа тартылды.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Азат Еуропа/Азаттық радиосына АҚШ мемлекеттік департаментінен хат келіп түсті. Онда хат авторы Беларусь үкіметін адам құқығы, демократиялық нормаларды сақтауға және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы ретінде алған міндеттемелерін орындауға шақырған.

«Еркін әрі әділ сайлау — мұның оқиғадан гөрі көбірек мәні бар. Біз Беларусь үкіметін сайлауға қатысқысы келетіндердің барлығына бірдей жағдай жасауға (кандидаттарды тіркеу, ақпарат құралдарына шығу т.б бойынша) шақырамыз» делінген хатта.

Беларусьте ақпарат құралдары мен оппозиция жетекшілеріне қатар қысым жасалып жатыр. Лукашенконың негізгі бәсекелесі болады делінген кандидаттар қамауға алынған.

Беларусьтің журналистер қауымдастығы және 40 шақты ақпарат құралы 23 маусымда ортақ мәлімдеме таратып, журналистерге қысым жасауды тоқтатуға шақырған. Мәлімдемеде қауымдастық билікті ақпарат құралдарына күш қолданды деп айыптаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16