Семей әкімінің «аты жоқ» орынбасары оқшауланды

24.06.2020, 14:06

4

Екі күннен беріСемей қаласы әкімінің бір орынбасары «коронавирус жұқтырғаны туралы» ақпаратжергілікті БАҚ бетінде және әлеуметтік желілерде тарап жатқанымен, нақты қайшенеунік екені белгісіз. Бірақ, бұл туралы қалалықжедел штабтың мүшесі, медициналық мәселелер жөніндегі үйлестіруші Найля Әлменевахабарламасына қарап «айтпауын өтінгенін ұқтық». Қала биілігі әкіморынбасарының атын атап, «көпшілікке таныстыруға» өздерін қор санаса керек.

   Дегенмен, күні кеше аптаның алғашқы күніСемейге республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы ТөлегенБайғұлов келгенде қала әкімінің әлеуметтік сала және идеология бойыншаорынбасары Айдар Садырбаев оның жанынан табылды. Аты айғайлап тұратын «Адалдықалаңына» қатысты нысандарды аралаған Байғұлов қала әкімінің өзі қайда жүргенінсұрауды қажетсінбесе керек. Әдеттегідей ұлық біткеннің бәрі «сәлем беріпқайтатын» Қарағайлы ықшамауданындағы қала тіршілігімен танысып, әкімдік ішінекіріп шықты.

Айтпағымыз бұлемес. Сонда қала әкімі Ермак Сәлімовтің аты жөнін ататқызбай, бірақ,оқшауланғанын «жасыра алмай», есімін сөзжұмбаққа енгізгендей кейіп танытқанорынбасары кім болды?.. Әлемге әйгілі «Әлем барысы» Айбек Нұғымаров ауруханадажатып, жағдайын әлеуметтік желі арқылы жолдағанда, оны азсынсаңыз, Президенттіңбаспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, тіпті, Мәжілісспикері Нұрлан Нығматуллин,  бәрі –бәріоқшауланғанынан ел-жұртты хабардар еткенде Семей шененунігінің атын, тегінжариялатуға «ұялғаны» қалай?.. Білдей облыс әкімі Амандық Баталов, Жамбылоблысына барып Бердібек Сапарбаев пен Асқар Мәминді «бөлек шығарып» кеткенДенсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің өзі қолындағы билігін вирусқаберуге мәжбүр болғанын ел біліп отыр. Сонда төрдегі орнынан төсек астына сүңгіпкетіп «тығылмақ ойнап отырған» Семей шенеунігінің әрекетіне қарап «ол кім,әулие ме сонша?» деген ой келетіні анық.

 Ал, тағы бір аныққа жүгінсек, Семей қаласыныңәкімі Ермак Сәлімовтің үш орынбасары бар. Айдар Садырбаевтың Байғұловты «Адалдықалаңына» алып барғанын жоғарыда айттық. Одан өзге Қайрат Әділбаев пен  тұрғын үй, коммуналдық сала бойынша орынбасарыНиколай Ушаков бар.

Демек… «Ішіңбілсін, әлуай»!..  

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстаноблысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58