Есік көлінің суы қашан ернеуінен асады?

24.06.2020, 14:42

3

«Жас Алашта» біз бұған дейін де Алматы облысына қарасты Есік көлінің қазіргіахуалы турасында жазған болатынбыз.  Экологтардыңпайымдауынша, соңғы екі жылда Есік көлі суалып, таязданып бара жатыр.  

(Таязданған Есік көлі) 


Ал жергілікті атқарушы билік мәселенің бұлайөрбуін соңғы екі жылда тау басындағы мұздықтардың белсенді ерімей жатқанымен байланыстыруда. Әкімдіктегілер «Қазгидрометтің болжамынша,  маусым айының соңында, шілде айының басында таудағы мұздықтар белсенді түрде еріп, көлге су бұрынғыша келіп, барлығы ра.еттеле бастайды» деп отыр. 

(Тау басындағы мұздықтар)

Жалпы, бұл мәселегеқатысты Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі «ҚазСелденқорғау»мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жұмыс істеп отырғандарын алға тартты. Кешеаудан әкімі Ысқақ Биналі аталмыш мекеме мамандарымен бірге Іле Алатауытауларындағы көлдердің жай-күйімен танысып қайтты.

(Жұмысы уақытша тоқтатылған СЭС)

— Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік көліне құйылған су секундына 4 текше метрдіқұрайды, оның секундына 3,6 текше метрі суаруға бағытталған (сұраныс секундына7-8 текше метр), суаруға арналған судың жетіспейтін көлемі – 3,5-4 текшеметр/сек.  Есік көлінесудың құйылуы Іле Алатауының таулы мұздықтарының еруіне тікелейбайланысты.  Көлге судың аз түсуінің бір себебі 2019-20 жж. қыста таулымұздықтардың пайда болуы үшін жауын-шашынның аз болуы, сонымен қатармұздықтардың мол еруіне ықпал ететін температураның жетіспеушілігі. Осығанорай, мамыр айында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен тау мұздықтарыныңжай-күйін зерттеу жүргізілді, онда тау мұздықтарының белсенді еруі байқалмағаныанықталды.  Қазір  Есік көліндегі судың азаюына және суаруға судыңжетіспеуіне байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Суармалы судың нақты мөлшеріне негізделген шаруашылықтарды суару кестесіқұрылды. Суарылатын судың көлемін арттыру үшін Есік өзенінің бойында орналасқантөрт су электр стансасының жұмысы су көлемі көбейгенше уақытша тоқтатылды. Көлде катерлердің жүруіне тыйым салынды,-дейді  Еңбекшіқазақ ауданы әкімініңбаспасөз хатшысы  Динара Төлемісова.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13