Ауылда тұратын 80 мың отбасы Елбасы қорынан 50 мың теңгеден алады

24.06.2020, 17:22

5

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасындағы бүгінгі жазбасында айтты. 


«Құрметті достар! Партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қоры таяу уақытта біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады. Елбасының бастамасы бойынша көмек Қамқоршылар кеңесінің шешімімен еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталады.

Тұңғыш Президенттің үндеуіне қолдау білдірген ақжүрек меценаттарымыздың арқасында қорға 28 миллиардтан астам қаражат жиналды. 23 ірі қалада, сондай-ақ оларға іргелес шағын қалалар мен ауылдарда 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. 

Сонымен қатар мұндай материалдық көмек коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін қолдауға және әлеуметтік жағынан әлсіз 100 мың отбасыны тегін маскамен қамтамасыз етуге бағытталды. 
Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы биылғы шілде айының ішінде-ақ аяқталады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында атап көрсеткендей, ынтымақтастық, қажырлылық және жанашырлық – халқымыздың дәстүрлі құндылықтары. Төл тарихымызда ұшырасқан аса ауыр сынақтарды еңсеруде де нақ осы қасиеттер көмектескен болатын. 
Баршамызға ортақ ауыртпалықпен күресте біздің бірлігіміз бұдан да бекем бола түспек. 
Енді қоғамымыздың жаңа ұраны – «Біз біргеміз»- деп жазды Бауыржан Байбек.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39