Оралдағы прокуратура алдында өз-өзін өртеген белсенді жансақтау бөлімінен палатаға шықты

24.06.2020, 18:34

33

Орал қаласындағы прокуратура ғимаратының алдында өз-өзін өртеген белсенді Данияр Инжиғалиев жансақтау бөлімінен палатаға шықты. 32 жастағы белсенді қазір облыстық ауруханада жатқанын айтты.

— Денсаулығым жаман емес. Жансақтау бөлімінен палатаға шығарды. Дәрігерлер ауруханадан шығатыным жайлы ештеңе айтпады, — деді ол Азаттыққа.

Денсаулық сақтау басқармасы Инжиғалиевтің жағдайы «орташа ауыр» деді. Дәрігерлер оның өз бетімен қозғалып, ас ішіп жатқанын айтты.

Инжиғалиев 10 маусымда прокуратура алдында өз-өзін бензинмен өртеп, ауруханаға түскен. Ол өзіне қарсы «Алаяқтық» бабы бойынша қозғалған іске қатысты прокурормен тілдесе алмай жүргенін айтып, наразылық білдірген.

— Мен кінәсізбін. Олардың (биліктің — ред.) мақсаты — мені жеті жылға қамап я үш жылға үйқамаққа алып, аузымды жабу, — деген еді Инжиғалиев наразылық кезінде.

Белсенді өз-өзін өртегеннен кейін прокуратура тарапынан ешқандай мәлімдеме жасалмады. Ал Орал қалалық соты наразылықтан бір күн өткенде белсенді үстінен қозғалған іс бойынша процесті бастаған.

Бұған қоса, полиция департаменті "Өз-өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полиция іс кімге қозғалғанын айтпады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42