Кімге сенеміз, қара халыққа ма әлде әкімдікке ме?

25.06.2020, 13:23

3

Түркістан менШымкентте жұрттың жаппай пневмония дертіне шалдығып, қайтыс болып жатқанытуралы ақпараттар елдің үрейін ұшырып жатыр. Сенбейін десең, қазір ауылда да,қалада да ауырып, төсек тартып жатқан науқастар көбейіп кетті.  Дерттің белгілері: дене шаншып ауырады,  ыстығы көтеріледі, жөтел қысады. Еңтаңқаларлығы, мұндай ауру көктемде немесе күзде емес, шіліңгір шілдеде болыпжатыр.  Сондықтан көпшілік мұның жай ғанатұмау екендігіне сенбейді. Коронавирус болуы әбден мүмкін.

Алайда Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасымұны жоққа шығаруда. Басқарманың таратқан мәліметінше, облыста COVID-19індетіне шалдыққандарды оқшаулауға арналған 270 орынбар болса, соның бүгінде 164-інде науқастар ем қабылдауда. Бұлардың денікоронавирус індетін жұқтырып немесе жұқтырғандармен тығыз қарым- қатынастаболғандар. Бұдан бөлек, коронавирус індетіне ұқсас белгілері бар ауруғашалдыққандарды қабылдайтын қосымша 885 адамға арналған орында 962 адам жатыр. Олардыңбасым көпшілігінде коронавирус дерті анықталмаған, пневмония, ЖРВИ секілдіауруға шалдыққандар.
Өткен жылдың бес айында  өкпе қабыну дертімен 9735 адам науқастанып,жазылып шыққан. Ал 2020 жылдың 5 айында 7749 науқас өкпе қабынуы диагнозыменауруханаға жатқызылып, олардың бәрі тегіс ауруынан толық айығып шыққан. Яғнибиыл өкпе қабынуымен науқастанғандардың саны, былтырғымен салыстырғанда, азкөрінеді.  

— Марқұмдардың бірі жол  апатынан өлді, біреу инсульттан қайтыс болды.Түскен науқастар арасында қант диабетімен, бронхитпен ауырып жүргендер,астмасы барлар кездеседі. Ондай науқастардың пневмонияны жеңуі қиын болады, — дегенбасқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова,  «бір күнде төрт туысым қайтыс болды», дегенсияқты ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын алға тартып отыр. Сонда кімгесенеміз?

Осы аптада ғаламторда Шымкенттегі теміржол ауруханасында бір күнде оншақтыадамның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратылған еді. Шымкент қалалық әкімдігіоны да жоққа шығарды.

— Эпидемиологиялық қолайсыз жағдайға байланысты  жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілетіннауқастардың саны артқан. Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халдежеткізілген  4 науқас қайтыс болып, стационарғажатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдайы көрсеткіші 3 пайыздықұрады.  Қаза тапқан науқастардың төртеуінде де қосалқы аурулары (қант диабеті,артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары) болған. Науқастардың өлімжағдайы бойынша зерделеу жөніндегі комиссия анықтау жұмыстарын жүргізеді, — делінген әкімдіктіңресми ақпаратында.

Қала әкімінң бірінші орынбасары  Ербол Садырдың айтуынша, пневмониямен ауырғаннауқастар саны 7,2 пайызға өскен.

– Өлім көрсеткіші өсіп жатыр. Кеше ауыр жағдайда келген 8науқас көз жұмды. Мұның көпшілігі – бұрыннан созылмалы аурулары бар азаматтар, — деді Ербол Садыр.

Соңғы тәуліктерде жедел жәрдем шақыртушылардың саны күртөскен. Шақыртулардың басым бөлігі ЖРВИ жәнепневмониямен байланысты. Осындай аурумен бір күнде 129 науқас қабылданған.

— Қала тұрғындары карантиндік ережелердісақтап отырған жоқ. Өздеріңіз де әлеуметтік желілерден көріп жатқандайтой-томалақ өткізуде. Негізі, әрбір азамат өз өміріне өзі жауапты. Ал бізкінәні басқа біреуден іздейміз, — деді әкім орынбасары.

 Осығанбайланысты, қалада  23 маусымынан бастапшектеу шаралары күшейетілді. Атап айтқанда, балабақшалардың,спорт нысандары, жаттығу залдары, спорт бассейні және кешендерінің жұмысытоқтатылды, базарлардың санитарлық күні сенбі, жексенбіге ауыстырылмақ (бұлкүндері олар жұмыс істемейді). Көпшілік жиналатын орындарға, саябақтарға,скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық алаңдарына, туристікорындарға баруға шектеу қойылды.

Шымкентте бүгінге дейін COVID-19 ауруын жұқтырған 1296 науқас тіркелген.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34