Лукашенко Бакиевке резиденциясы маңынан жер бөліп берді

25.06.2020, 14:19

24

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Құрманбек Бакиевке «Заславль–2» резиденциясы маңынан 70 сотық жер телімін бөліп берді. Бұл туралы Беларусьтің жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша біріңғай реестріне сүйенген Tut.by сайты жазды.

Лукашенконың 2019 жылдың желтоқсан айында шығарған шешімі бойынша жер телімі Бакиевке өмір бойы "қызметтік қолдануға" берілген. 45 сотығы — шаруашылық істеріне, 25 сотығы үй салуға арналған.

Құрманбек Бакиев Қырғызстанды 2005-2010 жылдар аралығында басқарған. 2005 жылы 24 наурыз күнгі оқиғалардан кейін (тарихта "Қызғалдақ" оқиғасы деген атпен қалған) билікке келген Бакиев 2010 жылы 7 сәуірде 90-ға жуық адамның өмірі қиылған халық толқуынан кейін отбасымен бірге Беларуське қашып кеткен.

Сәуір оқиғалары бойынша жарияланған сот құжаттарында бұрынғы президент Бакиев бастаған 28 адамға айып тағылған. Қырғызстан соты Құрманбек Бакиевті 30 жылға сырттай соттаған, туған інісі, мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Жаныш Бакиев және сол кездегі үкімет басшысы Данияр Үсеновті сырттай өмір бойы бас бостандығынан айырған.

Оқи отырыңыз: Президенттердің қателігі кешірілмейді. Қырғызстандағы Сәуір төңкерісіне — 10 жыл

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16