Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

25.06.2020, 14:06

4

Күні кеше Ресей президенті Владимир Путин өзінің қолшоқпартелевизиясына сандырақ сұхбат беріп, ақымақтың әңгімесін айтып тастады. Оныңсөзіндегі ең үлкен ақымақтық – бұрынғы Кеңес Одағының елдері одақтан шыққанда,Ресейдің қолынан орыстың жерлерін сыйлыққа алып кетті дегені болды.

Бірақ Владимир Путин КСРО-даналғашқылардың бірі болып Ресей Федерациясының өзі шығып кеткенін ұмытқансияқты. Одақтан ат-тонын ала қашқан Ресейдің осылайша өзінің ресми шекараларынбекітіп алуға тырысқанын білдіреді. Сонда Кеңес Одағынан ең соңғы болып шыққанҚазақстанға ол қандай кінә тақпақ? Қазақстан жан-жаққа тарқасқан үлкенимперияда ең соңғы болып қалып, былайша айтқанда, «светті өшіріп» кетті.Қазақта «Үйіңді шарбақпен емес, достармен қорша» деген мақал бар. Ал ендіқазіргі Ресейдің достары кім? Оларды бір қолдың саусақтарымен-ақ санап шығуғаболады: баяғы Беларусь, Қазақстан, теңіздің ар жағындағы Венесуэла жәнеСолтүстік Корея. Мінеки, Владимир Владимирұлы, сіз енді осы достарыңыздан даайырылып қалмаңыз! «Жерімді алдың» деген жалған айыптың соңы Беларусь пенҚазақстанның сізден теріс айналуына анық әкеледі.

    Ал енді сыйлыққа келсек, Қазақстан Одақтанмұраға қалған сыйлық ретінде суы құрыған Арал теңізін алды, толқындары ойнағантеңіздің орнына 6 миллион гектарға жуық құмды шөл даланы алды. Шаңды дауылкезінде Аралдың құмы Америка, Жапония мен Еуропаны айтпағанда, әлемнің барлыққұрлығына барып қонады. Семей полигоны да кеңестен қалған сыйлық. Қазақдаласының ядролық ракеталардың ондаған жарылыстарынан қалған жарасы әлі дежазылған жоқ. Қазақ әйелдері әлі күнге дейін мүгедек-кеміс балалар туып жатыр.Ембі, Ембі-2 сияқты, Капустин Яр дегендей небір қаптаған әскери полигондарды дабіз сыйлыққа алған шығармыз. Байқоңырдың гептилі бар, Қызыл кітапқа енгенжануарларымызды, киігімізді улап, суымызды былғап, бізді тірідей улап жатқан.Міне, біз Путин айтқан ұлы империя – Кеңес Одағынан осындай сыйлықтар алыпшықтық. Көрші елдердің жерін даулап көз алартқанша, МКАД-тың ар жағында қарананға зәру болып отырған өз отандастарыңызды ойлағаныңыз дұрысырақ шығар.Ресейдің ішкі проблемаларын ойлағаныңыз жөн болар.

     Меніңбұл жағдайды трагедияға теңеуден басқа амалым жоқ. Өйткені мен орыс мектебінбітірдім, Ресей мәдениеті мен орыс әдебиетінің озық дәстүрімен тәрбиеленіп,соны бойыма сіңіріп өстім. Мен үшін Ресей деген әлбетте, Путин емес, Медведевте емес. Солардың маңайына топтасқан ұры-қары емес, билікке узурпация жасап,Кремльдің төрінде қонжиып отырған. Ресей деген – бұрын өткен, қазіргі, ертеңгікүнгі орыстың ұлы адамдары. Ұлы Пушкин, Есенин, Толстой, Менделеев, Булгаков,олардың бәрін тоқтамай, сағаттап тізе беруге болады. Ұлы Ресейде өмір сүргенұлы адамдар өте көп. Ресей халқының жауы қазақтар емес, тіпті Донбасс пен ҚырымынПутин тартып алған украиндар емес, жерінің бір бөлігін Ресей тартып алғангрузиндер де емес, тамағына Путин әлі жармасып отырған молдовалықтар да емес.Ресейдің ең қас жауы – билікті меншіктеп алып, Кремльден кетпей отырғансұмырайлар.

Жазып алған Әділ АҚЫЛБАЙ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39