Түркістанда өкпе қабынуынан 23 адам қайтыс болды

25.06.2020, 15:11

11


«Түркістанда жұрттың жаппай коронавирус індетінен қайтысболып жатыр» деген әңгімелерге бұған дейін Түркістан қалалық әкімдігі, облыстыққоғамдық денсаулық басқармасының басшылары түсінік беріп, науқастарға COVID-19ауруына тексеру жүргізілгенін, талдау теріс  нәтижесі көрсеткенін мәлімдеген болатын. Мамандардың айтуынша, жұрттымазалаған дерт коронавирус емес, пневмония. Алайда ақ халаттылар әдетте көктеммен күзде бас көтеретін өкпе қабынуының дәл жаз ортасында өршуін түсіндіріпбере алған жоқ. Облыста осы дерттен нақты қанша адамның қайтыс болғаны даайтылмаған еді.

Кешегі күні Түркістан облыстық  қоғамдық денсаулық басқармасының басшысыМарат Пашимов брифинг өткізіп, көпшілікті мазалаған сауалдарға жауап берді.Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, облыста тұмаудың белгілерімен дәрігерліккөмекке  жүгінетіндер көбеюде. Медициналықтексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталған. Статистикабойынша қазіргі таңда  Түркістан облысы бойынша провизорлықауруханаларда  958 науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр.  Оныңішінде, Түркістан қалалық ауруханасында 50, Кентауда 180 адамға ем жүргізілуде.Пневмониядан 198 науқас жазылып шықса, 1 маусымнан бері облыс көлемінде 23 адаматалған дерттен көз жұмған.

М.Пашимовтың айтуынша, «ауруханаларда орын жетіспейжатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

— Қазіргі таңда облыс көлемінде дәрі-дәрмек қоры меноттегі орындары жеткілікті. Індетке қажетті антибиотиктардыалдырудамыз.  Сондай-ақ, ауруханаларда төсек-орындар бойынша тапшылық жоқ.Қосымша орындар әзірленген. Мәселен, Кентау қалалық орталық ауруханасында 50орындық соматикалық бөлімше қайта бейімделіп, қосымша 200 орындық төсек-орын,16 оттегі орындары дайындалды. Ал Түркістан қалалық орталық ауруханасындақосымша 270 төсек-орын әзірленген. Орын алған жағдайға байланысты Түркістанжәне Кентау қалаларында науқастарды жоспарлы жатқызу тоқтатылған. ХҚТУ,«Акмарал», «Клиника Талғат» сынды жеке клиникалар да өздеріне бекітілгентұрғындарға тиісті медициналық  қызмет көрсетуде, — деді басқарма басшысы.

Пневмонияның биыл, оның үстіне неге жаз ортасында күрткөбейді? Кейбір сарапшылар өкпе қабынуы коронавирустың әсерінен бас көтеруімүмкін деген болжам жасап отыр. Яғни адам алдымен коронавирусқа шалдығады, осыаурудың салдарынан пневмония асқынуы мүмкін. Алайда дәрігерлер науқастардыңкоронвирусқа қатысты талдау нәтижесі теріс нәтиже көрсетті деп отыр.

Сонда мұның жұмбағын кім түсіндіріп бере алады?    

Бақытжан ӘБДІРАШ, 

Түркістан 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39