Сәуле Қисықова: Астанада күніне 600 жуық адам пневмонияға шалдығады. Бұрын 80 адамнан аспайтын

25.06.2020, 20:19

3

Нұр-Сұлтанда осы күндері тәулігіне 600-ге жуық адам пневмонияға шалдығып жатыр. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова мәлімдеді.

“Пневмониямен ауыратындар саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті. Бұрын 80 жағдайға дейін ғана болатын. Аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылау байқалып отыр” деді Қисықова орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте.

Басқарма жетекшісінің айтуынша, коронавирус инфекциясымен және пневмониямен күн сайын 350-400 адам ауруханаға жатқызылады.

COVID-19 індеті Қазақстанға келгелі Нұр-Сұлтан қаласында 4730 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазақстан билігі 3 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына байланысты «ауырғандар» және «тасымалдаушылар» деп екі бөлек есеп жүргізіп келеді. Ел астанасында вирус жұқтырғандардың 3484-інде ауру белгілері бар, 1246-сы симптомсыз.

Вирус жұқтырғандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі “Олимп”, Invivo, “МПК” жекеменшік зертханалары сұраныстың жоғарылауына байланысты ПТР талдауын жүргізуді уақытша тоқтататынын мәлімдеген. Ал тұрғындар коронавируске анализ тапсыру жөнінде қиындықтар барын айтып, шағымданды.

Ресми дерек бойынша, Нұр-Cұлтанда 2577 адам коронавирустен жазылып шыққан.

Сәуле Қисықованың айтуынша, қала ауруханаларында коронавируспен және пневмониямен ауырған 2500 адам емделіп жатыр. Олардың 91 пайызы орташа, 9 пайыз ауыр жағдайда. Дәл қазір реанимация бөлімдерінде 103 адам жатыр, оның 55-сі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Коронавирус жұқтырғандардың 22-сі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қалада коронавирустан 38 адам қайтыс болған. Қисықова олардың 70 пайызы 60 жастан асқан кісілер деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34