Тоқаев "Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды" деген сыни пікірге жауап берді

25.06.2020, 17:57

4

<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне эксклюзивті сұқбат берді, деп хабарлайды zakon.kz. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Мемлекет басшысы "Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейді және ақыры осы індеттің таралуына қарсы күресте еліміз жеңіліп бара жатқан сияқты" деген пікірге қатысты түсінік берді.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> <span style=«font-family:» font-size:16px;color:#333333;background:rgba(72,="" 141,="" 168,="" 0.1);"="">- Бұлай айтуға болмайды. Өздеріңізге мәлім, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұқпалы ауруларға арналған үш аурухана жедел салынды. Басқа өңірлердегі ауруханалар керек-жарақпен жабдықталды. Науқастарды емдеуге дәрігерлеріміздің біліктілігі жетеді. Қазір, ақ халатты абзал жандар күндіз-түні осы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінді, — деді Тоқаев. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Президент өз сұқбатында биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар деп баса атап көрсетті.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> <span style=«font-family:» font-size:16px;color:#333333;background:rgba(72,="" 141,="" 168,="" 0.1);"="">- Лауазымды қызметкерлер жұмыс бабына байланысты бірқатар азаматтармен кездесуі керек, сондықтан ел ішіндегі іссапарларға шығады. Сондай жағдайда кеселді жұқтырып алуы мүмкін. Иә, олар да ауырады, науқасынан емделеді. Билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдықты, — деді Мемлекет басшысы. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Ал қазіргі статистика бойынша, вирус жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Яғни олардың көпшілігі – қарапайым халық.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Президенттің айтуынша, бұл жердегі мәселе кімнің қалай жұқтырып алғанында емес. Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> <span style=«font-family:» font-size:16px;color:#333333;background:rgba(72,="" 141,="" 168,="" 0.1);"="">- Ауруға шалдыққандарды шенеунік немесе қарапайым жұрт деп бөліп қарауға болмайды. Қазақ «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұтып, бір қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін ешкім де бұл аурудан өзін толықтай қорғай алмайды. Бір планетаны мекен еткен соң өзге елдегі дерт бізге келмейді деп бейқам отыра алмаймыз. Пандемия шекараға қарамайды. Сақтансақ қана өзімізді, жақындарымызды аурудан аулақтата аламыз, — деді ол. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырды: <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> <span style=«font-family:» font-size:16px;color:#333333;background:rgba(72,="" 141,="" 168,="" 0.1);"="">- Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ. Біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Президент, шын мәнінде, бұл індет біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұрмыс-тіршілігін өзгерткенін айтты. <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> <span style=«font-family:» font-size:16px;color:#333333;background:rgba(72,="" 141,="" 168,="" 0.1);"="">- Ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білеген АҚШ, Азия алыптары – Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тағы басқа да елдер тығырыққа тірелгендей, — деді Тоқаев өз сұқбатында.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39