Ақорда маңында тұрақты жұмыс талап етіп, акция өткізген жаңаөзендіктерді полиция ұстап әкетті

25.06.2020, 18:20

5

25 маусымда түс кезінде Ақорда маңында тұрақты жұмыс беруді талап еткен Жаңаөзеннің бірнеше тұрғынын арнайы жасақ өкілдері ұстап әкетті. Оларды қай бөлімшеге алып кеткені белгісіз.

Бейсенбі күні түске дейін Ақорда маңында әлеуметтік мәселелерін айтып, шағымданған тұрғындар арасында 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде жарақат алған мұнайшылар Ермұхан Иманалиев және Мұханбет Серікбаев, «тергеу абақтысындағы азаптау» жайлы мәлімдеп, ауыр науқастан екі жыл бұрын қайтыс болған мұнайшы Мақсат Досмағамбетовтің шешесі, 12 баланың анасы Оңайгүл Досмағамбетова және оның ұлы Қайрат Досмағамбетов те болған еді.

Наразылардың айтуынша, олар бұған дейін жұмыс сұрап, барлық қажетті мекемелер мен органдарға, "Өзенмұнайгаз" компаниясына барып, арыз-шағымдарын айтқан. Алайда талаптары сол күйі орындалмаған.

Оқи отырыңыз: Ақорда маңында жаңаөзендіктер тұрақты жұмыс талап етіп, акция өткізіп жатыр

Бастапқыда штаттық киімдегі және арнайы жасақ өкілдері, Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев наразыларды бақылап тұрған. Кейіннен арнайы жасақ өкілдері келіп, олардың қолын қайырып, кейбірін көтеріп ұстап әкетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39