Ақорда маңында акция өткізген жаңаөзендіктерді полиция ұстап әкетті

25.06.2020, 18:25

3

25 маусымда түс кезінде Ақорда маңында тұрақты жұмыс беруді талап еткен Жаңаөзеннің бірнеше тұрғынын арнайы жасақ өкілдері ұстап әкетті. Оларды қай бөлімшеге алып кеткені белгісіз. Азаттық тілшісі оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратты.

Бейсенбі күні түске дейін Ақорда маңында әлеуметтік мәселелерін айтып, шағымданған тұрғындар арасында 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде жарақат алған мұнайшылар Ермұхан Иманалиев және Мұханбет Серікбаев, «тергеу абақтысындағы азаптау» жайлы мәлімдеп, ауыр науқастан екі жыл бұрын қайтыс болған мұнайшы Мақсат Досмағамбетовтің шешесі, 12 баланың анасы Оңайгүл Досмағамбетова және оның ұлы Қайрат Досмағамбетов те болған еді.

Наразылардың айтуынша, олар бұған дейін жұмыс сұрап, барлық қажетті мекемелер мен органдарға, "Өзенмұнайгаз" компаниясына барып, арыз-шағымдарын айтқан. Алайда талаптары сол күйі орындалмаған.

Оқи отырыңыз: Ақорда маңында жаңаөзендіктер тұрақты жұмыс талап етіп, акция өткізіп жатыр

Бастапқыда штаттық киімдегі және арнайы жасақ өкілдері, Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев наразыларды бақылап тұрған. Кейіннен арнайы жасақ өкілдері келіп, олардың қолын қайырып, кейбірін көтеріп ұстап әкетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04