Парижде Эйфель мұнарасы ашылды

25.06.2020, 20:19

4

25 маусымда Парижде Эйфель мұнарасы ашылды. Франция астанасындағы ең көрнекті орындардың бірі наурыз айының ортасында коронавирус індетіне байланысты жабылып қалған болатын.

Мұнараны көргісі келген адамдар енді оған маска тағып кіруі тиіс. Туристер арасында арақашықтық сақталуы керек. Лифт әзірге істемегендіктен жоғары жаққа баспалдақпен шығуға болады. Мұнараның бірінші және екінші қабаты ғана ашық. Ол жаққа 30 минутта шығуға болады. Ең соңғы — үшінші қабат жабық.

Әзірге белгілі мәлімет бойынша, Эйфель мұнарасындағы лифт 1 шілдеден бастап жұмыс істейді. Мұнараның үшінші қабаты шілде айының соңында ашылуы мүмкін.

Қазір екінші қабаттағы Jules Verne мейрамханасы жұмыс істеп тұрған жоқ. Қоғамдық тамақтану орны 30 маусымда ашылады деп айтылады. Қонақтарды тек алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды. Орындар саны да шектеулі.

Францияның ақпарат құралдарының жазуынша, Эйфель мұнарасы жабық тұрған кезде мұнара әкімшілігі ай сайын 9 млн еуро шығанға батқан.

Коронавирус індеті басталғалы бері Францияда 160 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Шамамен 30 мың адам қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39